Жаңа жұмысына табыс тіледі

1286
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайымды қабылдады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев Бақытжан Әбдірайымды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтап, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.
– Сіз көптеген қызмет атқардыңыз. Ректор да, министрдің орынбасары да бол­дыңыз. Құқық қорғау, әділет орган­дарында, Жоғарғы сотта еңбек еттіңіз. Заң саласындағы біліміңіз бен тәжірибеңіз мол, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы кәсіподақтар еңбек қатынастарын реттеуде және ең­беккерлер мен жұмыс берушілер арасында сындарлы диалог орнатуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*