Күле отырыңыз

499
0
Бөлісу:

МАИ қызметкері мас жүргізушіні тоқтатады.
– Өзің өлердей ішіпсің. Мына күйіңде көлікке қалай отырғансың?
– Отыруға достарым көмектесіп жіберді.

***

Мектепке жаңа мұғалім келеді. Оқушылар бір баланы «Мойше – ақымақ» деп келемеж дейді екен. Үзілісте жаңа мұғалім балалардан:
– Неге олай дейсіңдер? Ұят емес пе? – деп сұрайды.
– Ол шынында да ақымақ, – дейді балалар. Егер оған бес және он тиындық ұсынсақ, көлемі үлкен деп бес тиынды алады. Сенбесеңіз, тексеріп көрейік.
Бір бала қалтасынан бес және он тиындық алып, Мойшеге ұсынады. Ол әдеттегідей бес тиындық бақырды алады. Таңырқаған мұғалім:
– Он тиынның бес тиындық бақырдан көп екенін шынында да білмейсің бе? – деп сұрайды.
– Білемін. Егер мен он тиындықты алсам, олар маған екінші рет ақша ұсынбайды ғой.

Бөлісу:

Пікір жазу


*