СОТ ЖҮЙЕСІ АШЫҚТЫҒЫ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

1627
0
Бөлісу:

«Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту. Судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау, соның негізінде, азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы сотының жанынан құрылған арнайы сот алқасына шағымдана алатын болуы керек»
(Елбасының – «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 19-қадамы)

Елбасы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының екiншi бөлiмi заң үстемдiгiн қамтамасыз етуге арналғаны белгiлi. Атап айтқанда, 20-қадамда «Барлық сот процестерiне бейне және таспаға жазу шараларын мiндеттi түрде енгiзу. Судьяның бейнежазуды тоқтатуға немесе аудиожазу материалдарын редакциялауға мүмкiндiгi болмауы тиiс» деп жазылған. Бұл талап сот жүйесiнiң ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп жатыр. 

Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының бас маманы Жазира Оралованың айтуынша, қазіргі кезде іске қосылған жоба азаматтардың сот төрелiгiне қолжетiмдiлiгiн, соттарда ақпараттық технологияларды қолдану мүмкiндiгiн арттыра түстi. Бұл – сот өндiрiсiн жеңiлдетiп, қағазбас­тылықты азайтуға, электронды сот iсiн жүргiзудi дамытуға арналған маңызды қадам. Мобильдiк қосымша барлық смартфондар мен гаджеттерге тегiн көшiрiледi. Кез келген адам әлемнiң қай түкпiрiнде жүрсе де, өзiне қатысты сот процесiнен хабардар болады.

Ақпараттық-коммуникациялық технология­ның соңғы үлгiлерiмен жабдықталған сот залдары судьялар жұмысын ұтымды атқаруына тың сер­пiлiс бередi. Соның бiр айғағы ретiнде, барлық сот залдарының бейнежазбалармен қамтамасыз етiлгенiн айтуға болады. Сот мәжiлiстерiнiң бар­лығы қондырғы арқылы бейнежазбаға жазылып, заңдастырылады. Ешкiм ешнәрсеге өзгерiс енгiзе алмайды. Бұл өз кезегiнде сотқа жүгiнген аза­маттардың құқықтары мен заңды мүдделерiн шынайы қорғаудың сапасын одан әрi арттыра түсерi анық.
Енді бұл жаңа технологияларды сот жұмысында қолданудың тиімділігі мен артықшылықтарына тоқталатын болсақ, азаматтар мен заңды тұлғалар «Сот кабинеті» арқылы талап арыздарды, өтініш, жүгінулерді, апелляциялық шағымдар мен нара­зылықтарды сотқа бармай-ақ жолдауға және мемлекеттік төлемдерді онлайн түрінде төлеу мүмкіндіктері қарастырылған. Тұтынушы өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сот құжаттарын қарап, істің барысымен танысып, сот актісін ба­сып шығара алады. Бұл ретте тұтынушылардың электронды сандық қолтаңбасы және интернет желісі болса болғаны.
Сондай-ақ бұрын сот отырыстарының хатта­малары жазбаша жасақталып, жазбаша хаттама жасау белгілі уақытты талап ететіндіктен, хатта­малардың уақытылы жасақталмау фактілері орын алып келсе, ендігі жерде сот отырысының хатта­масы бейнежазба дискі тіркеле отырып, электрон­дық нысанда жасақталады. Электрондық нысанда жасалған хаттаманы даярлау көп уақытты қажет етпейді және сот процесінің қалай өткендігін бастан аяғына дейін дыбыс-бейнежазба арқылы нақты көрсетеді. Бұл өз кезегінде сот отырыс­та­ры­ хаттамаларының уақытылы даярланбау, хаттама­ның сапасына байланысты, тағы басқа түрлі шағымдарды болдырмайды. Осылайша, жаңа технологияларды сот жұмысында қолдану – сот жұмысының ашықтығын, қолжетімдігін қам­тамасыз етеді және заң үстемдігін өз дәре­жесінде қамтамасыз етуге оң ықпал жасауда.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үшінші жаңғыру жөнінде басты бағыт бере келіп, бұл жаңғырудың негізі цифрландыру екенін атап өткен болатын. Міне, енді осы цифрлы технология барысы елімізді әлемдегі озық отыз мемлекеттің қата­рына қосатын негізгі жолға айналды. Жақында Жоғарғы сотта Ахуалдық орталық ашылды. Бұл Ахуалдық орталық – Жоғарғы соттың ғимара­тында орналасқан және ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі. Жоғарғы сот мәліметі бойынша, мұнда тәулік бойы еліміздің 370 сотынан келіп түсетін 700 көрсеткіш бойынша өзекті сот ақпа­ратын жинаумен және талдаумен айналысуға мүм­кіндік бар. Бұған қоса, Ахуалдық орталық республиканың 1418 сот за­лында процестердің өту барысын қадаға­лайды.
Қазақстан судьяларының VI съе­зінде Елбасы сот қауымдасты­ғының жабық кор­порация және қоғамдық сын аумағынан сырт болмау қажеттігін, демократиялы елде қоғам мемлекеттік инсти­туттарға, оның ішінде сот орган­дардың жұмысына баға беруге құқылы екенін атап өтті. Нақты бір судьяның жұмысын бағалаудың жүйелі құралы ретінде Жоғарғы соттың интернет-ресурсындағы «Сот кабинеті» серви­сінде «Сот­тардың қызметін сыртқы бағалау» жөніндегі пилоттық жобасы жұмыс істейді. Бұл жоба бір жағынан ашықтықты қамтамасыз ету, екінші жағынан – халықтың соттар мен судья­ларға деген сенімінің деңгейін анықтау мақсатында жасалды. Сауалнамаға еліміздің барлық өңірінен сот отыры­сына қатысу­шылар респондент ретінде қаты­сады, нақты айтқанда талап қоюшы, өтініш беруші, жауапкер, адво­кат, прокурор, мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ аталған сер­виске тіркелген тұлғалар қатыса алады. Сауалнама нәтижелерін судьялардың біліктілік қызметін бағалайтын сот қазысы қарайды. Мұндай бағалау жүйесі судья мен прокурорды тәртіпке шақырады, адвокаттардың бәсекелес­тігін арттырады.
Сот билігі саласында елеулі өзгеріс­тердің болып жатқанына, оның тәуелсіз де бейтарап және әділетті төреліктің жүзеге асырыла бастағанына қарапайым жұрт­шылықтың да көзі жете бастады. Соңғы кезде көпшіліктің батыстың да­мыған елдеріндегідей даулы мәсе­лелерді немесе құқық бұзушы­лық­тар бойынша істерді өрке­ниет­ті түр­де сот арқылы шешуге тыры­суы – осының дәлелі. Демек, халықтың сотқа деген сенімі артты.
– Соттың халық алдындағы беделін күшейтуге, халықтың сотқа деген сені­мін ұлғайтуға бағытталған жұмыс­тарды атқару және Жолдауда көрсе­тілген талаптарды қолдап, оны орын­дау – біздің басты міндетіміз.
Жамбыл облысы Жуалы аудан­дық сотында ашықтықтың жұмысы ретінде көптеген атқа­ры­лып отыр­ған шараларды атауға бо­лады. Мысалы, Қорғаушы адво­кат­тарға «Сот кабинеті» сервисінде сауал­на­маны жүргізу мүмкіндігі бар. «Соттарды сырттай бағалау» бір жағы­нан – жариялылықты жүзеге асыру болса, екінші жағынан – халықтың сотқа деген сенімін, аза­маттардың құқықтары мен заңды мүд­делерінің қорғалу дәрежесін анықтауға бағытталған соттың жұ­мы­сын баға­лаудың объективті жолы. «Сот каби­нетіне» тіркелген, оның қолданушысы және сотқа қа­ты­сушы болып табылатын тұлға баға беру үшін екі бөлікке бөлінген сұ­рақтарға жауап береді. Алға­шын­да, облыс атауын, сот атауын және судья аты-жөнін, қаралған іс, іске кім ретінде қатысқандығын таң­дай­ды. Екінші бөлігінде нақты 10 сұ­раққа жауап береді. Сол сұрақ­тарға жауап беру арқылы өзінің сырттай бағасын береді. Сауалнама жүргі­зудің басты мақсатта­ры – сот про­цесіне қатысушылардың сот тал­қылауларын ұйымдастыру және өткізу сапа­сына қанағаттанушы­лық деңгейін зерделеу. Сауалнамада сот төрелігіне қолжетімділік, сот әдебін сақтау бойынша сұрақтармен қа­тар, сот процесіне қатысқан адвокат пен прокурордың қызметіне қатысты да сұрақтар қарастырылған. Жуалы аудандық соты ашықтықтың белгісі ретінде аудан тұрғындары білуі мақ­сатында сотта қаралған қылмыстық, әкімшілік, аза­маттық істер бо­йын­ша мәліметтерді аудандық газеттерге үнемі жариялап отыруда. Сонымен қатар аудан тұрғындарына сот төрағасы жиі жеке қабылдау өткі­зуде. Бұл – халықтың сотқа деген туындап отырған сұрақ­тарын саралау және оларды шешу жол­дарын анықтап көмектесу.
Ашық­тықтың басты құралы ре­тінде Жуалы аудандық соты БАҚ-пен тығыз қарым-қатынас орнат­қан. Мысалы, 2017 жылдың 9 айын­да ғана судьялар мен мемле­кеттік қыз­меткердің атынан рес­публикалық, облыстық, аудандық газеттерге 107 мақала жарияланған. Жамбыл облыстық сотының сайтында 61 мақала жарық көрген. Бұл – рес­публикалық басылым тілшілерінің арқа­сында атқарылып жатқан жұмыс­тар, – дейді Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының бас маманы Жазира Оралова.
Қазіргі кезде сот жүйесінде ашықтық принциптеріне үлкен көңіл бөлініп, қарымды қадамдар жасалуда. Бүгінгі күні сот жүйесінде құқықтың үстемдігі жағынан үлкен жетістік­терге жетіп отыр. Оны ха­лықаралық инди­каторлары дә­лелдеп отыр. Сот жүйесі­нің ашық­ты­ғы – азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыратын бүгінгі күннің талабы. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен қарсы күреске өз үлесін қосатын әлеуетті күш.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*