Елшілерді қабылдады

772
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Польшаның Қазақстандағы елшісі Селим Хазбиевичті оның өтініші бойынша қабылдады. Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы Польша Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды әріптестерінің бірі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Кемелұлы пар­ла­мен­та­ра­лық үнқатысуға қарқын беру және екі­жақ­ты өзара іс-қимыл­ды өрістету жайына тоқ­талды. «Пар­ламент Сенаты екі ел ара­сын­да­ғы экономикалық ынты­ма­қ­тас­тық­ты да­мытуға жәрдемдесуге әзір», – деді ол.
Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы Н.Назарбаев­тың 2016 жылы Поль­ша­ға барған сапары нәтижелі бол­ғанын, сапар ба­рысында жалпы со­масы 845 миллион дол­ларды құ­рай­тын келісімдер мен инвес­ти­циялық жобаларға қол қойылғанын атап өте келіп, EXPO – 2017 ха­лық­аралық көр­­­месі аясындағы Поль­шаның Ұлттық күн­деріне қа­тыс­қа­ны үшін президент А.Дуда бас­­­таған Польша басшылығына ал­­ғыс біл­дірді.
Жүздесуде дінаралық ын­ты­мақ­тастықты да­мыту мәселелері де тал­қыланды. С.Хаз­бие­вич Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­дерлерінің съезд хатшылығының басшысы бо­лып табылатын Сенат төрағасына По­­льшада 10 жылдан бері жұмыс іс­теп келе жат­қан Католиктер мен мұсылмандар кеңе­сімен өзара іс-қи­мыл мүмкіндігін қарас­тыру­ды ұсын­ды. Өз кезегінде Қ.Тоқаев ал­дағы жылы қазанда Астанада өтетін ке­зекті съезге дайындық аясындағы ын­ты­мақтастыққа шақырды: «Біз үнқатысудың кез келген түрін жақ­таймыз», – деді ол.
Сол күні Қ.Тоқаев ілтипат біл­діріп кел­ген Француз Республика­сы­ның Қазақ­стандағы елшісі Фи­липп Мартинэні де қабылдады және оған ізгілікті істе табысты болуына ті­лектестігін білдірді: елші мырза биы­л­ғы қазан айында осы лауа­зы­мына та­ғайындалған болатын. Се­нат төрағасының айтуынша, Қа­зақ­стан ірі және маңызды халықаралық форумдар өтетін орын ретінде дип­ло­маттарға зор ықылас танытады.
Екіжақты қатынастардың жоға­ры дең­гейін атап өткен Қ.Тоқаев француз пар­ла­ментшілерін Аста­на­ға сапарлап келуге ша­қырды: «Бай­ланыстар көп әрі жиі болған сайын елдеріміз арасындағы ын­ты­мақ­тастық та нәтижелі бола түседі», – деді ол.
Сенат басшысы БҰҰ ресми тіл­дері­нің бірі ретіндегі маңызын атап өте келіп, Қа­зақстанда француз тілі­нің кеңінен қанат жаюына жәр­демдесу туралы ниетіне қолдау біл­дірді. Оның айтуынша, достық пен ын­тымақтастықты нығайту Фран­цияның мә­дени құндылықтарын ілгерілетуге, гу­ма­нитарлық бай­ла­ныстарды тереңдетуге ық­пал етер еді. Мұны естіген Франция ел­шісі Қа­зақстан басшылығының осы көз­қа­расы үшін алғыс айтты және өз елін­де қа­зақ студенттерінің Үкімет пен жеке сек­тордан бөлінетін грант­тар мен стипендияға оқу мүмкіндігін алатынын атап өтті.
Ф.Мартинэ екі ел арасындағы страте­гия­лық әріптестікті нығайтуға жәр­демде­сетін Франция мен Орта­лық Азия арасында жаңа сипаттағы ынтымақтастық әзірленіп жат­қаны туралы Сенат төрағасын хабардар етті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*