Полицейлер қан тапсырып, жол ережесін бұзбауға шақырды

1002
0
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің  жергілікті полиция қызметінің 200 қызметкері облыстық қан тапсыру орталығына барып, жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанғандарға 90 литрдей қан тапсырды. Полиция қызметкерлері осы акциямен көпшіліктің назарын жол апатынан жарақаттанған адамдарға көмек көрсету керектігін көрсетіп, жол жүргіншілерге жол жүру ережелерін сақтап, жүргізушілерді жол тәртібіне шақырды. ОҚО ІІД жергілікті полиция қызметкерлерімен  «Қауіпсіз жол  қозғалыс  апталығы» республикалық акция шеңберінде «Белгілі бол», «Сіздің жолаушыңыз – бала», «Жол ережесін сақтаймыз, жол-көлік оқиғасын алдын аламыз», «Үздік автомектеп», «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» атты басқа да байқаулар өтті.

– «Қауіпсіз жол қозғалыс апталығының» бірінші күні полиция қызметкерлері ОҚО мектептеріне барып, облыс аумағында жол-көлік ережелерін сақтау туралы оқушылар мен ата-аналарға үгіт-насихат жүргізіліп, түсіндірілді. Шымкент қаласының 95 мектебінде тәртіп сақшылары «Қамқор ана» атты науқан өткізіп, балаларға арналған жарықшалары бар киімдерін кигізіп көрсетті. Акцияға қатысқан ең үздік анаға ұйымдастырушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД ЖПҚ қызметкерлері «Қауіпсіз жол қозғалыс апталығы» аудандарда да қолға алынып, полицейлер жол жүру ережелерін сақтау бойынша профилактикалық іс-шара өткізді. Мысал ретінде, Ордабасы ауданында тәртіп сақшылары  Ордабасы ауданының №25 орта мектептін оқушыларымен бірігіп, «Өз ара түсіністік күні» атты акция өткізді, акцияның қатысушылары жүргізушілерге жол жүру ережелерін түсіндіріп, сауалнамалар таратып, жол жүру ережелерін бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті. Төле би ауданында «Сіздің жолаушыңыз – бала» атты акция ұйымдастырып, көлік қатынасы көп өтетін жерге барып, балалардың қауіпсіздігі үшін көлікпен алып жүргенде жол ережелерін сақтау керектігін аттап өтті. Жол-көлік апатынан адам қайтыс болса, ол қашанда ауыр, ал балалар  қайтыс болса ол екі есе ауыр тиеді, – дейді ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Салтанат Қаракөзова.

17 қарашада мектеп инспекторларымен 1-4 сынып оқитын оқушылар «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» атты акция мектепке жақын орналасқан жолда өткізді. Науқан қатысушылар киімдеріне жанатын белгілер тағып, қолдарына білезік киіп, жаяу жүргінші өтетін жолға шығып флешмоб ұйымдастырды. ОҚО ІІД-нің жергілікті полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол қозғалыс апталығы» атты науқаның соңғы күні «Біз өмірге сенеміз» атты науқанға мектеп оқушылары мен Шымкенттің байкерлері қатысып үгіт-насихат кітапшалар таратып, мотоциклде жүру шеруін жасап берді.

«Қауіпсіз жол қозғалыс апталығы» акциясының соңғы күні Шымкент қаласының жасөспірімдер орталығында «Жол көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқан дүние жүзі құрбандарды еске алу» бойынша полиция қызметкерлері мен мектеп оқушылары жол-көлік апатынан қайтыс болғандарға тура  сағат  12.00-де  жүз  шырақ жақты. Сонымен қатар, бір апта ішінде Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен автокөлікте балаларды арнайы ұстап тұратын құрылғысы бар-жоғын анықтау мақсатында  рейдтік іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде полицейлер жол қозғалыс ережелерін бұзушыларға 74 әкімшілік хаттама толтырды.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*