Жемқорлыққа жеңілдік жасалмайды

1101
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қайрат Қожамжаров Мемлекет басшысына агенттіктің биылғы 10 айда атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды қабылдаған кезде кімде-кім сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаса, ешкімге де жеңілдік жасалмай­тынын және жазадан құтылмайтынын ескерткен болатынмын. Соңғы жылдары бұл бағытта көп жұмыс атқарылды, – деді Қазақстан Президенті.
Елбасы бюджет қаржысын тиімді әрі ашық пайдалану қажеттігін айтты.
Қ.Қожамжаров Мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу барысында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімдеп, оның іске асырылуына, халықаралық сарапшылар қауымдастығы тарапынан жоғары баға берілгеніне назар аударды.
– Соңғы 10 айда 3 400 қылмыстық іс қозғалып, оның бір мыңы сотқа берілді. 15 миллиард теңге көлемінде кел­тірілген шығынның 11 миллиарды мемлекетке қайтарылды. Құны 7 миллиард теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды, – деді агенттік төрағасы.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*