Елбасы поштасына келген лебіз

1051
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың атына қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшуі туралы шешімге байланысты хаттар мен жеделхаттар келіп түсуде. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы биылғы 26 қа­занда «Қазақ тілі әліпбиін ки­риллица­дан латын графи­касына көшіру туралы» №569 Жарлыққа қол қойған болатын.
Осыған байланысты еліміз­дің түк­пір-түкпірінен қолдау біл­діріп, ыстық ықыластарын жол­даған хаттар легі толастаған емес.
Сондай хаттардың бірқа­тарын «Әзірет Сұлтан» мем­лекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «Қа­зақстан Камера­тасы» классикалық музыка ансамблі, Қазақстан Рес­публи­касының Ұлттық музейі, «Қазақ­концерт» мем­лекеттік концерт­тік ұйымы, «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет театры, Абай атындағы Қазақ мемлекет­тік ака­демиялық опера және балет театры, Республи­калық неміс драма театры, Қ.Қо­жамияров атындағы Респуб­ли­калық мем­лекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театры, Ғ.Мү­­сірепов атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық балалар мен жасөс­пі­рімдер театры, Мәде­ниеттерді жа­қындастыру орталығы, «Қаз­қай­та­жаңарту» республикалық мем­лекеттік кәсіпорны, Жам­был атындағы Қазақ мемлекеттік филармо­ниясы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемле­кеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, Бей­бітшілік және келісім музейі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап­ханасы және Қазақстан Республикасының Ұлттық ака­де­мия­лық кітап­ха­насы ұжымы жолдаған.
Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Несіпбек Айтұлы ха­тында: «Латынға көшу айтуға оңай болғанымен, батыл­дықты, батырлықты талап ететін, бүкіл халық болып жұмыла көтеретін ауыр жүк. Бұл асқар асудан сіздің көш бас­тауыңызбен абыройлы асатынымызға кәміл сенемін. Латын әліпбиі – бүгінгі әлемдік кеңістікке жол ашатын ұлы мүмкіндік. Мұны шетелге шыққан сайын сезініп жүрміз. Сондықтан сіздің көппен кеңе­сіп пішкен кемел шешіміңізді халық қолдап отыр», – деп атап өткен.
Сондай-ақ Атырау облысы­ның зиялы қауым өкілдері атынан Ә.Әбішев, Ә.Төлеуішов, Т.Аман-Турлина, Қ.Ри­зуанов, Қ.Жылқышиев, Павлодар облы­сының зиялы қауым өкілдері атынан А.Алақанұлы, А.Қани, Ғ.Жұ­матов, С.Баязит, Қ.Шә­керімов, Ш.Бай­ғалы, С.Елік­баев, А.Сағынбаева, Б.Са­ғын­дықұлы, С.Әйтенов, В.Шнайдер, У.Мақұлов, А.Тұрышев, К.Бек­тұрова, Ш.Кинжикова, Н.Рыс­бай, А.Той­шыбайұлы, А.Зейну­лина, Б.Максилова, Д.Әсенов, А.Қабдраш, Е.Жүсіпов, А.Әбі­шев, Ә.Игембаев, Е.Қайыров, Ақ­төбе облысы Қазақстан халқы ассам­блеясының мүшелері мен Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблея­сының этно­мәдени бірлестіктерінің жетек­шілері латын әліпбиіне көшуді қолдайтындарын жеткізген.
Академик, философ Ғари­фолла Есім өзінің Қазақстан Президентіне арнап жазған хатында: «Сіздің кемеңгерлік істеріңізді санап отырушы едік, ол тізімге енді тағы бір теңдесі жоқ оқиға қосылды. Қазақтың жазба мәдениеті өз арнасына түсті. Халықтың ой-санасына мықты өзгеріс енбекші. Жас ұрпақ­тың ақпараттық қоғамнан өз орнын еркін алуына мүмкін­шілік ашылды», – деп атап көр­сеткен.
Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі туралы шешімге білім және ғылым саласының өкілдері де пікір білдірген. Қолдау хаттар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Т.Балықбаев, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің ректоры Е.Сы­дықов, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік универ­ситетінің ректоры Ә.Әбжап­паров, Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемле­кеттік универ­ситетінің профес­сорлары
Ж.Сәдуа­қасұлы мен А.Аба­силов, осы уни­вер­ситеттің оқытушысы Б.Боран­бай­, Қызылорда облысы­ның тілдерді оқыту орта­лығының директоры Н.Мұ­саева және Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет инсти­тутының бас директоры А.Хазболатовтан ке­ліп түсті.
Елбасы барлық хаттармен танысып шығып, хат иелеріне жылы лебіздері мен қолдау білдіргендері үшін алғыс айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*