ЖОБА ЖЕМІСІН БЕРЕ БАСТАДЫ

916
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Royal Dutch Shell концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар еліміздің мұнай-газ секто­рындағы қазіргі ахуал мен ынтымақтастық перспек­тива­ларын, соның ішінде Қара­шығанақ пен Қашаған жоба­ларын одан әрі дамыту мәселе­лерін талқылады.
Мемлекет басшысы Royal Dutch Shell концерні халықара­лық EXPO – 2017 маманданды­рылған көрмесін ұйымдастыруға белсенді атсалысқанын айтып, компания басшылығына риза­шылық біл­дірді.
Бен ван Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесуге мүм­кіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, Қа­зақстан жұртшы­лығын ха­лықара­лық көрменің табысты өтуімен құттықтады.
– Сізді EXPO көрмесінің табысты өтуімен құттықтаймын. Көрмедегі ең тартымды па­вильон – «Нұр әлем» сфера­сында болдым. Одан алған әсерім де керемет, – деді кон­церннің бас атқа­рушы дирек­торы.
Бен ван Берден биылғы 18 қа­рашада аталған кен орын­дарына қатысты өнімді бөлу туралы келі­сімге қол қойыл­ға­нына 20 жыл толатынын айтып, оларды іске асыруда Қазақстан Президентінің ерекше рөл атқарғанын атап өтті.
– Бұл жобалар өте жақсы және тиімді болып шықты. Бар­лық шығындар дер кезінде өтелді, енді табыс табу үшін жұмыс ат­қарылуда, – деді Мем­лекет бас­шысы.

Бөлісу:

Пікір жазу


*