Кемел келешекке батыл қадам

865
0
Бөлісу:

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айқындалған нақты міндеттерді жүзеге асырудың басты қадамдарының бірі – латын әліпбиіне көшу. Бүгінгі күні басты тақырыпқа айналып отырған мәселе жер-жерде қызу қолдау табуда.

Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің 2017 жылғы 26 қа­зандағы қазақ әліпбиін кирил­лицадан латын графикасына көшіру туралы №569 Жарлығы­мен латын графикасына негіз­делген қазақ әліпбиі бекітілді.
Бастауын Байтұрсынұлынан алатын латынға көшу мәселесін Елба­сымыз күні бұрын жариялап, ел Үкіметіне қоғамның талқылау-талдауына қою қажеттілігін тап­сырды. Бұл мәселе әлеуметтік желі­лер мен БАҚ-тар арқылы жан-жақты талқыланды, маңызды мәселе туралы қоғам өз пікірін біл­дірді. Пікір білдірушілердің барлы­ғы бұл игі бастаманы қол­дап, еліміз болашағы үшін ең қа­жетті құрал ретінде бағасын берді.
Әлемнің басым көпшілігінде қолданылатын бұл жазу үлгісі ел азаматтарының сол әлем­дік әдебиет пен ғылымның қайна­рынан қана сусындауына зор мүм­кіндік беретіні талай рет айтылды. Әсіресе, болашақ ұрпақтары­мыздың жаһан­дық өркениет сүр­леуіне еркін ілесе алуына даң­ғыл жол ашатын құн­дылық­тарымыз­дың бірі.
Елбасымыз «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасында атап көрсеткен­дей, біз әлемдік өрке­ниет кө­шінен өзіміздің лайықты ор­нымызды ие­ленуіміз үшін көп нәрсеге үрке қара­май, керісінше, сол әлемдік үрдіс­тің озық үлгі­лерінен тәлім ала білуіміз, үздік дүниелерін санамызға сіңіре білуіміз қажет.
Сондықтан кейбір кертартпа көзқарастағы замандастары­мыздың дәлелсіз дүдамал пікір­леріне құлақ аспай, болашақ үшін, ертеңгі ұрпа­ғы­мыздың кемел келешегі үшін бүгінгі азды-кем қиын­­дықтарға мо­йымай, батыл қадам жасай білуіміз керек.

Мұзафар Тұрдықұлов,
Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бас маманы

Бөлісу:

Пікір жазу


*