Экономикалық жағдай сөз болды

825
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысы аяқталған соң, Чехия Республикасының бұрынғы президенті Вацлав Клауспен және Түркия Республикасының бұрынғы президенті Абдолла Гүлмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар жаһандық экономикалық және саяси үдерістердің қарқынды дамуына қатысты пікір алмасып, Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталды.
Қазақстан Президенті нарықтық экономиканы дамыту мәселесі бойынша тәжірибе алмасудың маңызды екенін айтып, қонақтарға Астана клубының отырысына қатысқаны үшін алғыс айтты.

Бөлісу:

Пікір жазу


*