Елбасы көңіл айтты

1532
0
Бөлісу:

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Кәмшат Дөненбаеваның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Мемлекет басшы­сының даңқты диқан-механи­затор, қоғам қайраткері, Социа­листік Еңбек Ері Кәмшат Дө­ненбаеваның дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Кәмшат Байғазықызы көп жылдар бойы механизатор болып еңбек етіп, жер жыртып, астық өсіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты. Кезінде басқа да бірқатар қыздар Кәмшатқа елік­теп, механизаторлық мамандық­ты таңдап, еліміздегі бүгінгі береке мен молшылықтың негізін қалады.
Бойында қазақ әйеліне тән ақыл мен парасат, еңбекке деген қажыр мен қайрат шебер үйлесім тапқан Кәмшат Дөненбаеваның есімін, оның атқарған істері мен жарқын дидарын қазақстан­дықтар әрдайым жадында сақтайды деп сенемін» делінген жеделхатта.

Фото: kstnews.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*