Ірі инвесторды қабылдады

1071
0
Бөлісу:

Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев ОМV компаниясының басқарма төрағасы Райнер Зелемен кездесу өткізді. Оның барысында компаниямен ынтымақтастық орнату және Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

ОМV компаниясы – Австрия­ның ең ірі листингтік өнер­кә­сіптік компанияларының бірі, Орталық Еуропадағы ірі мұнай компаниясы. OMV Атырау облы­­сын­да полиэтилен өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап жүрген
Borealis компаниясының 36 пайыз­дық акциясына ие. OMV ак­цио­нерлері қатарында Mubadala (Әбу-Даби) – 24,9 пайыз, ÖBIB (австриялық мемлекеттік өнеркәсіптік холдингі) – 31,5 пайыз, акцияларының 43,6 пайызы – еркін айналымда.
Компания Қазақстанда 2004 жылдан бері қызмет істейді және ол Маңғыстау облысындағы Ком­сомольское, Тасболат, Ақтас, Тү­рік­меной кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Ком-Мұнай» ЖШС-ның (үлесі – 95 пайыз, қалған 5 пайызы – қазақстандық серіктестерге ти­е­сілі) және «Тасболат Ойл Корпо­рейшн» ЖШС-ның (100 пайыз) қатысушысы. Компа­ния­ның бар­л­ық кезеңдегі инвес­ти­ция­лары миллиардтан астам долларға тең.
Осы күні Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев еліміздің агро­өнеркәсіп кешенін (АӨК) дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес барысында мем­лекеттік агроөнеркәсіп сая­­сатын жетілдіру, сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешенін дамы­ту­дың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген АӨК-нің басым бағыттарын дамыту карталары қаралды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*