«ЖАС БҮРКІТ» ЖАСТАРДЫ ШЫҢДАЙДЫ

1437
1
Бөлісу:

«Қарулы күштердің Отанымызды және мемлекетіміздің егемендігін қорғау, аумақтық тұтастығын сақтау жолын­дағы маңызы зор».

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев


Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында еліміздің ертеңі – өскелең ұрпақ, жас жеткіншектерді қазақстандық патриоттық рухта тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді. Күш-қуат құрылымының әскери бөлімдерінде Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің балаларына әскери-патриоттық тәрбие беру және орта білім беру мектептерінде осы бағытта тәрбие жұмыстарын жүргізу ісі жүйелі қолға алынған.

Қазіргі кезде әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубтары Республика бойын­ша жүздеген орта білім беру оша­ғын­да жұмыс істейді. Клуб жүмысының бас­ты мақсаты – оқушыларды адами құ­н­дылықтарды бойларына сіңіруге, отан­сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан қорғау қыз­метінің абыройлы жауапкершілігін, ата-бабалардың ерлік жолын ұғындыру, жасөспірімдердің бойында жақсы мо­раль­дық-психологиялық және дене­шы­нық­тыру қабілеттерін шыңдау. Мұндай клубтар кез келген мектепте 6-11 сынып оқушылары арасында жасақталады.
Мектеп оқушыларының күзгі оқу де­малысы кезінде Алматы облысы За­речный кентінде орналасқан Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық ұланының ар­найы мақсаттағы бөлімшелерінің жауын­герлік және әдістемелік дайын­дық орталығында әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубтары арасында рес­пуб­ликалық жарыс өтті. Ауқымды шара­ға Астана, Алматы, Шымкент, Тал­дықорған, Қапшағай, Степногорск жә­не еліміздің басқа да қалаларынан кел­ген әскери-патриоттық клубтардың ко­мандалары қатысты. Шараға барлығы елу­ге тарта жасөспірім мен олардың он­нан аса тәрбиешілері жиналды.
– Төрт күнге созылған спорттық ша­ра өте қызықты өтті. Атап айтқанда, әс­кери-патриоттық клубтардың тәр­бие­ленуші мүшелері әртүрлі спорттық ша­ралардан сайысқа түсіп, күзгі де­малыстарын барынша қызықты өткізді. Жарыс түрлерінің дені әскери саланы танып-білуге қатысты болды. Мәселен, оқушылар Калашников автоматы мен Ма­каров тапаншасын бұзып, оны қайта жи­нап, құрастырудан, граната лақ­тыру­дан, саптық дайындықтан сынға түсті. Әс­кери эстафета алаңында қаптаған ке­дергілерден өтіп, сайысты. Окоп қа­зып, химиялық-бактериологиялық жап­пай қырып-жоятын қарулардан қор­ғану жабдықтарын киіп үйренді. Қы­сылтаяң сәтте жараланған адамға ал­ғашқы медициналық көмек көрсету әдіс-тәсілдерін пысықтады. Сондай-ақ жаттығу орталығындағы мульти­ме­диа­лық тирде әртүрлі қару түрлерінен ны­са­наны дәлдеп атудан күш сынасты. Пнев­матикалық винтовкадан оқ атып, мер­гендіктерін көрсетті. Қорыта айт­қан­да, оқушы жастар жарыстарға зор ын­тамен қатысты, – дейді Ұлттық ұлан майоры Арман Әубәкіров.
Шымкент қаласындағы «Жас бүр­кіт» әскери-патриоттық клубтарының же­текшісі, Ұлттық ұланның құрметті қыз­меткерлерінің бірі, запастағы под­пол­ковник Арман Ахашев бізбен ойын былай деп бөлісті. «Жас бүркіт» әскери-пат­риоттық клубтары 2003 жылы құрыл­ған болатын. Оған ұйытқы болып, осы идеяны алғаш өмірге әкелген сол тұс­тағы Шымкенттегі бригаданың ко­мандирі болған, бүгінде Ұлттық ұлан­ның Бас қолбасшысы генерал-лей­те­нант Руслан Жақсылықов болатын. Сол басшымыздың нұсқауы­мен біз клубты бірінші болып құрып, ол іс бүкіл Шым­кент қаласында кең етек жай­ды. Қазіргі кезде Шымқаладағы он­даған мектеп осы әскери-пат­риоттық клубымыз то­лыққанды жұмыс іс­теп тұр. Бұл клуб­тар­дың жастарды тәр­биелеуде қосар үлестері шексіз. Клуб­қа 6-сыныптан бас­тап 11-сыныпқа дейін­гі кез келген ба­ла, ұл да, қыз да бә­рі мүше бола алады. Бұл клубтарда әуе­лі әскери саланың қыр-сырын танып бі­луге терең мән бері­леді. Жүйелі түрде клуб мүшелерін әс­­кери бөлімдерге әкеліп, мұндағы жауын­­герлік қызметпен, әскери тех­ника, қару-жарақ түрлерімен та­ныс­тырып тұрамыз. Әрине, отан­сүй­гіштік тәрбиеге зор көңіл бөлеміз. Хал­қымыз­дың батыр ұлдары, елдік үшін бол­ған ұлы шайқастар жайлы тағы­лым­ды әңгімелер айтамыз. Осының бар­лы­ғы әрине, жас санаға әсер етпей қой­май­ды. Балалардың бос ойын қумай, сел­теңдеп жүрмей, жақсы азамат болып қа­лып­тасуына зор үлесті осындай ел­дік­ке, ер­лікке шыңдар париоттық клубтар ат­қа­рып отыр. Тіпті тәжірибемнен бай­­қағаным, сол жылдардан бері талай ба­ла алдымнан өтіп, келешек өмірге қа­нат қақты. Солардың көбі өмірлік кә­сібі ретінде офицерлік жолды таң­дады. Көбі әскери оқу ордаларына тү­сіп, тәмамдады. Қазір көпшілігі Отанға адал қызмет атқарып жүр. Полковник ше­ніне жеткендер де бар. Мінеки, пат­риоттық клубтардың жас өскін тәр­бие­сіндегі орны деген осы. Мұндай клубтар елі­міздің әр мектебінде болса деп ар­ман­даймын», – деді ол.
Әскери ортаға келіп, сайыстарға қа­­тысуға мүмкіндік алғандарына қуа­ныш­ты, жүзі жайнаған оқушы жас­тар­мен де тілдесіп, сөзге тарттық. Олар­дың бірі Сұлтан Камилов: «Алматы об­лысы Жамбыл ауданының Жамбыл ауы­лынан келдім. Біздің мектепте 4 жыл­дан бері «Жас бүркіт» клубы жұмыс іс­тейді. Са­бақ­тан тыс уақыттары клубқа мү­ше оқу­шылар осы үйірмеден табы­ла­мыз. Өте қызықты. Көп нәрсені үйрен­дік. Әскери техника, қару-жарақ, тағы бас­қа да әскер саласына қатысты мәлі­мет­терді танып-білдік. Кейін өзім де оқуым­­ды Петропавлдағы Ұлттық ұлан­ның Әскери институтында жалғас­тыр­сам деймін» деп алға қойған мақсатын айтты.
Жарыстың қорытындысы бойынша Ал­матыдағы 5572 әскери бөлімінің қа­быр­ғасындағы «Жас бүркіт» әскери-пат­риоттық клубының командасы бірін­ші орынға ие болды, екінші орын тұғы­рына – Алматы облысы Жамбыл ауданының командасы, үшінші орынға қапшағайлық жасбүркітшілер шықты. Балалар арасындағы республикалық әскери сайыстарға қатысушыларға Ұлт­тық ұлан Бас қолбасшылығы атынан ал­ғыс­хаттар мен марапаттар табыс­талды.
Келесі жылы әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубтарының құрыл­ға­ны­на 15 жыл толады. Осыған орай, Алматы об­лысы Заречный кентінде орналасқан Қа­зақстан Республикасы Ұлттық ұла­нының арнайы мақсаттағы бөлім­ше­лері­нің жауынгерлік және әдістемелік дайын­дық орталығында 15 жылдыққа ар­нал­ған ауқымды шара өткізу жоспар­лануда.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. айбек 12 Ақпан, 2018 at 22:52 Жауап

    жас бүркітке қалай тапсыруга болады оған қандай құжаттар керек оған бойдың ұзындығы қанша болу керек

Пікір жазу


*