Дін саласында атқарылған дүние көп

1600
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет бас­шы­сына азаматтық қоғамдағы қазіргі жағ­дай мен дін саласындағы мемле­кет­тік саясатты іске асыру үшін қабыл­да­нып жатқан шаралар жөнінде мәлімет ұсы­нылды.
Елбасы министрліктің жаһандық жә­не өңірлік бүгінгі сын-қатерлер ая­сын­­да атқарып отырған жұмыстарының өзек­тілігін ерекше атап өтті.
– Министрлік құрылғалы біршама уа­қыт өтті. Қазіргі жағдайда министр­лік­теріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңыз­ды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Дін істері және азаматтық қоғам ми­нистрі Қазақстан Президентіне діни қыз­мет саласындағы мемлекеттік сая­сат­ты жүргізу, мемлекеттік жастар сая­са­тын іске асыру, сондай-ақ волон­тер­лер, үкіметтік емес ұйым­дармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұ­мыс­тар­дың нәтижелері туралы баян­да­ды.
Елбасы кездесу қорытындысы бо­йын­ша бірқатар нақты тапсырма бер­ді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*