Қарсыласын сұмдық соққымен нокаутқа түсірді (видео)

788
0
Бөлісу:

Аралас жекпе-жек файтері Тай-Ван Клакстон Bellator 186 турнирінде қарсыласын әдемі соққымен нокаутқа түсіріп, көзге түсті. ММА кеші демалыс күндері Пенсильванияда өткен.

24 жастағы америкалық файтер мұндай турнирге алғаш рет шығып тұр. Ол қарсыласы Джонни Бонилла-Боуманды бірінші раундта нокатуқа жіберді. Жекпе-жектің 1,29 минутында Клакстон қарсыласын секіріп тізесімен теуіп құлатады. Төреші бірден жекпе-жекті тоқтатты.

Аралас жекпе-жектерді сүйетін жұртшылық мұны «Жыл соққысы» атағын иеленуі мүмкін екенін айтады.

 

kaz.vesti.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*