БАҚ-қа қатысты заң қаралады

1241
0
Бөлісу:

Парламент Мәжілісінің бюросы өз отырысында палатаның бейінді комитеттерінің ұсыныстары бойынша алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасын қалыптастырды.

Сонымен Мәжілістің жалпы оты­рысында жер қойнауы және оны пайдалану мәселелеріне арналған жаңа Кодекс жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылады. Сондай-ақ депу­таттар ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастыратын, журналистер мен қоғамның қызығушылығын туды­рып отырған жаңа заңның жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде.
Күн тәртібі таяуда ғана пар­ламентке енгізілген жаңа жобалардан тұрады, палата өзінің бейінді коми­теттеріне олар бойынша қорытынды әзір­леу мерзімдерін белгілемек. Олар­дың қатарында «Қазақстан Республи­касының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу ту­ралы» заң жобасы және ілеспе түзе­ту­лерімен бірге, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасы бар.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*