«Өзбекстан жылы» өтеді

1803
0
Бөлісу:

Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ташкентте өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Шара қарсаңында, ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Шағын құрамдағы отырыс аясында экономикалық өзара іс-қимыл мен ТМД-ға қатысушы елдердің сауда-экономи­калық қарым-қатынасын нығайтуға жағ­дайлар жасау бойынша өзекті мәсе­лелер талқыланды. Сонымен қатар сауда кедер­гілерін одан әрі азайту мен сауда және кооперация әлеуетін ашуға қатысты шаралар қаралды.
Осыдан кейінгі кеңейтілген құрамда өткен отырыста үкіметтік делегация­лардың басшылары ТМД еркін сауда аймағы туралы келісімшарттың іске асы­рылу барысын, мұнай-газ машинасын жасау, жерді мелиорациялау, тауарлардың ке­дендік құнына бақылау орнату, халық­аралық картелдерге өзара тиімді іс-қимыл шараларын дамыту және тағы да басқа мәселелерді қарады. Сондай-ақ ұйым­дас­тырушылық сипаттағы бірқатар құжат­тар талқыланды. Бұдан өзге ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысын 2018 жылдың көктемінде Тәжікстанда өткізу туралы шешім қабылданды.
Премьер Бақытжан Сағынтаев өзбек­стандық
әріптесі – Премьер Абдулла Ариповпен Қазақстан мен Өзбекстан президенттері арасындағы келісімдерді іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақ­тастықты дамыту, өңіраралық өзара іс-қимылды, әсіресе шекара маңы аумақ­тарында күшейту мәселелерін талқылады. Тауар айналымы көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ машина жасау және автомобиль құрастыру, аза­маттық авиация, фармацевтика салала­рында инвестициялық өзара байланысты кеңейту, көлік-транзиттік инфрақұры­лымды дамыту шаралары, сонымен қатар әскери-техникалық және аэроғарыш салаларындағы бірлескен жұмыстардың келешегі қаралды.
Биыл Қазақстан мен Өзбекстан ара­сындағы дипломатиялық қарым-қаты­настың орнағанына 25 жыл толады. 2018 жылы Қазақстанда «Өзбекстан жылы» өтеді. Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың 8 айында 1,2 млрд долларды, оның ішінде біздің экс­порт 747 млн долларды құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсім көрсеткіші 31%-ды құрады.
Ташкенттегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығының үкіметтері басшы­лары­ның кеңесі отырысының қоры­тындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Атап айтқанда, олардың ішінде «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тауарлардың кедендік құнын анықтау және бақылауға қажетті ақпаратпен алмасу туралы келісім», «ТМД аясында терроризммен және экстремизмнің өзге де күштеу шараларымен, сондай-ақ олар­ды қаржыландырумен күрес саласында ақпаратпен алмасу туралы келісім» бар.
Сонымен бірге, «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жерді мелиорациялау саласындағы ынтымақтастығының тұжы­рымдамасы және оны іске асыру бойынша бірінші кезекті шаралардың жоспары», «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мұнай-газ машинасын жасау саласындағы ынтымақтастығының тұжырымдамасы және оны іске асыру бойынша бірінші кезекті шаралардың жоспары» бекітілді.
Бұдан бөлек, ТМД-ға қатысушы елдерде 2020 жылғы кезеңде бір уақытта халық санағын жүргізуге уағдаласып, оған даярлық барысын қарады. Сондай-ақ 2020 жылға дейін ТМД-ға қатысушы елдерде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді және жергілікті шиеленістерге қатысқан соғыс ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерінің өмір сапасын арттыруды одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша шаралар жоспарын 2018 жылы қаржыландыру туралы.
Бұдан өзге, ТМД-да тауарлардың шы­ғарылған елін анықтау ережелері туралы, халықаралық автокөлік тасымал­дау­шы­ларының кәсіби біліктілігі мен қо­сымша оқытылуына талаптардың үйлесімділігі туралы, мемлекеттердің үйлестірушілік көлік кеңестері туралы кейбір келісімдерге өзгерістер енгізілді.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*