Ынтымақтастық ілгері дамиды

1278
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Халид әл-Фалихпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ын­ты­мақтас­тық­тың тиімділігін атап өтіп, оны ары қа­рай да­мыту­дың маңызды екенін айт­ты.
– Біз үшін Сауд Арабиясымен қа­рым-қатынастың мәні зор. Биыл мен эр-Риядқа сапармен бардым, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Халид әл-Фалих жеке кездесуге жә­не энергетика сала­сын­дағы қазіргі екі­жақты өзара іс-қимыл мәселелерін тал­қы­лауға мүмкіндік бергені үшін ри­зашылық білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*