Астана процесі: жетінші кезең

1147
0
Бөлісу:

Елордада Сирия бойынша келіссөздерінің жетінші кезеңі басталды. Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты кездесулер өтеді деп күтіліп отыр.

Түрік делегациясын Түркияның Сырт­қы істер министрінің орынбасары Седат Оңал мырза бастап келсе, Ресей тарапынан Ресейдің Сириядағы арнайы өкілі Алек­сандр Лаврентьев, Ираннан Сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейін Жабери Аңсари келген. Халықаралық кездесуде Си­рия үкіметінің делегациясы мен си­рия­­лық оппозиция өкілдері де болады. Ба­­қы­лау­шылар – БҰҰ, АҚШ пен Иор­да­ния өкіл­дері.
Ресейдің Қазақстандағы Төтенше жә­не өкілетті елшісі Михаил Бочарников Си­рия жанжалын деэскалациялауға ба­ғыт­талған Астана процесінің Сириядағы ДАИШ-тың ресурстық базасын төмен­де­туге ықпал еткенін баса атап өтті.
– Сирия үкіметі мен оппозициясының диа­логқа келуінің арқасында әрі деэс­ка­лация аймақтары туралы келісімдерге бай­ланысты қарулы қақтығыс пен зорлық-зом­былық деңгейін азайтуға мүмкіндік ту­ды. Нәтижесінде, Сириядағы ДАИШ-тың ресурстық базасы мен әскери әлеуеті ке­міді, – деп мәлімдеді Бочарников.
Елші сириялық жанжалды деэс­ка­ла­ция­лау бойынша жетінші кезеңнің Си­рия­да бейбітшілік орнатуға жол аша түсеріне сенім білдірді.
Ресейдің арнайы елшісі Александр Лав­рентьев:
– Еліміздің делегациясы Астанада Си­рия билігі мен қарулы оппозицияның ара­сында диалог орнатуды мақсат тұтады. Біз тек сириялық делегациямен ғана емес, оп­позиция өкілдерімен де ашық келіс­сөз­дер жүргізуге мүмкіндік туады деп үміт­тенеміз, – дейді.
Дамаск пен оппозиция арасындағы ке­ліссөздердің кезекті кезеңі Женевада 28 қарашада өтеді деп жоспарланған. Бұл тура­лы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша ар­найы уәкілі Стаффан де Мистура мәлім етті. Ол келіссөздер барысында БҰҰ бай­қау­шыларының қатысуымен сайлау өт­кізуге дайындық пен араб республи­ка­сын­да жаңа конституцияны дайындау жө­нінде мә­селелер көтерілетінін жеткізді.
– БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі арқылы си-­ри­­яа­­ралық келіссөздердің сегізінші ке­зеңі­нің Женевада 28 қарашада өтетінін жа­­­рия­лай­мын, – деді эмиссар. Айта кет­сек, си­­­­­рияа­ра­лық кеңестердің же­тінші ке­­зеңі Же­невада шілде айында өткен бо­ла­тын.
К.ӘЛІМ

Бөлісу:

Пікір жазу


*