Заңдарға қол қойды

951
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Норвегия Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұдан бөлек, Елбасы «Қазақстан Рес­публикасының Халықаралық валю­та қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Ха­лық­аралық қаржы корпорациясына, Халықара­лық  даму қауымдастығына, Инвести­ция­лар кепілдігінің көп­жақты агент­ті­гіне, Инвестициялық дау­ларды рет­теу жөніндегі Халық­аралық орта­лық­қа, Еуропа қайта құру және даму бан­кіне, Азия даму бан­кіне, Ислам даму банкіне мү­шелігі туралы» Қа­зақстан Респуб­ликасының заңына өз­герістер енгізу туралы» Қазақстан Рес­публи­ка­сы­ның заңына, сондай-ақ Қазақстан Рес­публикасының Азия инф­ра­құры­лымдық инвестициялар бан­кі­не мүшелігі шарттарын реттеуге ба­­ғытталған «Қазақстан Респуб­ли­ка­­сының Халықаралық валюта қо­рына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы кор­по­рациясына, Халықаралық даму қауым­дастығына, инвес­тиция­лар ке­піл­дігінің көпжақты агент­ті­гіне, ин­вестициялық  дауларды рет­теу жө­ніндегі Халықаралық ор­­­талыққа, Еу­ропа қайта құру және даму бан­кіне, Азия даму банкіне, Ислам даму бан­кіне мүшелігі туралы» Қа­зақстан Рес­публи­ка­сы­ның заңына өзгерістер енгізу тура­лы» Қазақстан Респуб­ли­касының заңына қол қойды.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*