Латын әліпбиінде қайта басылды

2111
1
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» атты кітабы латын қарпінде жарық көрді. Ұлттық академиялық кітапханада жаңадан ашылған латын әліпбиі залында латын қарпінде шыққан Елбасы кітабының тұсаукесері өтті.

Жинақтың жұртшылыққа жол тар­туына белгілі ғалымдар Ғари­фол­ла Есім, Бәкір Әбжәлел, Қаржаубай Сартқожаұлы және тағы басқа да мамандар атсалысты. Латын әліпбиі за­лында 1929-1940 жылдары жарық көр­ген латын графикасы негізіндегі қа­зақстандық кітаптар мен мерзімді ба­сылымдардың көрмесі, тақы­рып­тық жаңартылған нұсқалары қойыл­ған. Келешекте орталықта латын қар­­­піндегі ұлттық әліпби оқыты­ла­ды. Семинар-тренингтер, оқу курс­та­ры, лингвист ғалымдардың он­лайн-кеңестері өтпек. Ұлттық ака­­демиялық кітапхананың дирек­торы Үмітхан Мұңалбаеваның айтуынша, латын гра­фикасында жазылған мәтіндер, құ­жаттар оқырмандарға көмектеседі. Жаңа әліпбиге қатысты сұрақтарға он­лайн түрінде жауап алуға болады. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев биыл 27 қазанда Қазақ тілі әліпбиін ки­рил­лицадан латын графикасына кө­шіру туралы Жарлыққа қол қой­ған болатын. Қазақ тілі әліпбиі 2025 жыл­ға дейін латын графикасына ке­зең-кезеңімен көшеді. Жаңа әліп­би бойынша кириллицадағы 42 әріп­тің орнына 32 таңба, 9 апастроф пай­даланылады.

Майра ЖАНЫСБАЙ

 

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Ел еркесі 27 Қаңтар, 2018 at 19:36 Жауап

    Өте жақсы болыпты, ел басымыздың кітабын латын қарпінде оқуға асықпыз. Енді осы үрдіс əрі қарай жалғасса екен. Бітер іске сыншы көп, осы латынның осы нұсқасында қалғанымыз жөн. Ахмет Байтұрсынұлы реформалаған араб əліпбиі негізіндегі үтірі мен нүктесі көп төтешені де мына Қазақ 1929 жылға дейін, қытайдағы Қазақтар əлі күнге дейін қолданып келеді ғой.

Пікір жазу


*