Фин зерттеушісін қабылдады

1053
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтағы білім беруге арналған құндылықтар, игіліктер және инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін Қазақстанға келген білім беру саласындағы белгілі фин зерттеушісі әрі сарапшысы Паси Салбергті қабылдады.

Жүздесушілер білім беру және ғылымның бә­секеге қабілеттілігін арттыру, адам капи­та­лын дамыту мәселелерін талқылады. Жо­ғар­ғы палата басшысы Сенатта өткен орта бі­лім беру жүйесін заңнамалық тұрғыда рет­теудің өзекті мәселелері мен келешегіне ар­налған пар­ламенттік тыңдау туралы ха­бардар етті.
Қ.Тоқаев ғылыми жетістіктерге, оқы­ту­дың инновациялық әдістеріне және мұға­лім­дердің жоғары біліктілігіне негізделген фин­нің білім беру жүйесінің тиімділігін атап өт­ті. Төрағаның айтуынша, Қазақстан әлем­дік білім беру кеңістігінде кеңінен танылған фин тәжірибесін зерттеуге және пайдалануға мүдделі. Қазақстанды келешекке бастайтын аса зерделі балаларды оқытуға жақсы жағдай ж­асалған зияткерлік мектептерінің қызметі осы мақсатқа қол жеткізуге арналған. Со­ны­мен бірге, бүкіл елімізде бастауыш және орта білім берудің бірыңғай стандарттарын жасау міндеті қойылды.
П.Салберг Қ.Тоқаевтың пікірімен келісе оты­рып, оны сапалы білім беру ортасын жа­сау бағдарламасымен таныстырды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*