Жаңа кодекстің жөні бөлек

1064
0
Бөлісу:

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің бюро отырысы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысына шығарылатын мәселелер айқындалды.

Ол бойынша келер сәрсенбіде Мәжіліс­тің қарауына ратификациялық заң жобасы – Еуразиялық экономикалық одақтың Ке­ден ко­дексі туралы Келісімі енгізіледі. Бұл құ­жатта тауарлардың кедендік аумаққа келуі жә­не кетуімен, кедендік декларациялау жә­не тауарларды шығарумен байланысты ке­дендік операцияларды жасау кезінде «бі­рың­ғай терезе» тетігін пайдалану ұсы­ны­ла­ды.
Палатаның жалпы отырысында күн тәр­тібінің жобасына сәйкес, қалаулылар «Қа­зақстан Республикасындағы кедендік рет­теу туралы» кодекс жобасын және оған ілес­пе заң жобасын бірінші оқылымда қарайды деп күтілуде. Бұл құжат ұлттық заң­наманы ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодек­сіне сәйкес келтіру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ ол арқылы Еуразиялық одақтың Ке­ден кодексіндегі кедендік реттеу сала­сын­дағы жаңалықтарын регламенттеу көз­деледі.
Оның ішінде электрондық кедендік дек­ларациялаудың басымдығы және белгілі бір жағдайларда ғана жазбаша декларациялауды қолдану, декларацияны толтыруға негіз бол­ған құжаттарды кеден органына ұсын­бай, кедендік декларацияны беру және тағы бас­қа да мәселелер қамтылған.

 

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*