Үздік еңбеккерлер марапатталды

663
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбді­қалықова елордада өткен «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай» атты республикалық форумға қатысты. Жиынға сондай-ақ Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес қоғамдастықтың, кәсіподақтардың өкілдері және қалың жұртшылық шақырылды.

Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова Мем­лекет басшысы «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты бағдарламалық ма­қа­ла­сында «Қазіргі таңда тек жеке адам емес, тұ­­тас халық бәсекелік қабілетін арттырса ға­на табысқа жетуге мүмкіндік алады» деп атап өткенін айтты. Мемлекеттік хатшы ке­ле­­шекте ұлттың табысқа жетуі адами ка­пи­талдың сапасымен өлшенетінін атап өтті.
Гүлшара Әбдіқалықова Жалпыға Ортақ Ең­бек қоғамы идеясының мақсаттарына жет­кізетін бірқатар мемлекеттік және са­ла­лық бағдарламалардың орындалу нә­ти­желеріне тоқталды.
– Мемлекет, жекеменшік сектор және кә­сіби бірлестіктер ынтымақтастығының те­тіктеріне негізделген әлеуметтік-еңбек қа­тынастарының жаңа моделі қолданысқа ен­гізілді. Мемлекеттік және үкіметтік бағ­дар­ламалар аясында биыл 290 мың жұмыс ор­ны ашылды. 500-ге жуық кәсіби стандарт әзірленді, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшы ірі және орта кә­сіп­орындардың шамамен 90 пайызында, сон­дай-ақ шағын кәсіпорындардың 30 пайыздан астамында әлеуметтік-еңбек қатынастарын рет­тейтін ұжымдық шарттар бар екенін атап өтті.
– Елімізде жаңа жоба – тегін кәсіби білім бе­ру ісі қолға алынды. Жастар үшін өзінің ең­бектегі алғашқы мамандығын мемлекет есе­бінен игеру мүмкіндігі пайда болды, – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
Форум аясында «Еңбек жолы» атты рес­публикалық конкурстың жеңімпаздарын ма­рапаттау рәсімі өтті. Оған 329 адам қатыс­ты. Нәтижесінде, «Үздік еңбеккерлер әулеті» но­минациясы бойынша Ақтөбе облысынан те­міржолшы Жұбанышевтар отбасы, «Жұ­мыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» но­минациясы бойынша Батыс Қазақстан об­лысынан энергия кәсіпорны өндірістік-тех­никалық қызмет бөлімінің бастығы Тілек Харин, «Үздік жас қызметкер» номинациясы бойын­ша Оңтүстік Қазақстан облысынан мұ­ға­лім Нұрсұлтан Аббасов, «Жас ұрпақты ең­бекке баулудағы үлесі үшін» номинациясы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан балабақша меңгерушісі Нұржамал Төлеуова жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Қазақстанның қалып­тасуы мен дамуына үлес қосқан ел эконо­ми­ка­сының түрлі саласының ардагерлері «Ең­бек ардагері» медалімен марапатталды. Фо­рум соңында қазақстандық танымал эст­рада әртістерінің қатысуымен концерт өтті.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*