Тамыры тереңге жайылған байланыс

1115
0
Бөлісу:

Мәскеу мемлекеттік халықаралық қарым-қатынастар университетінде «Қазақстан – Ресей» дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 25 жыл» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл игі шараны Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ұйымдастырды.

Конференцияға екі ел дип­ломатиялық құры­лым­дарының, Ресей президенті әкім­шілігінің өкілдері, сондай-ақ қазақ­стан­дық және ресейлік са­рап­шылар мен журналистер қа­тысты.
Кездесуде Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов екі елдің рухани негізі зор әрі тамыры тереңде жатқан тарихи, мәдени және дәстүрлі байла­ныстарының барын баса айтқан.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, екіжақты қарым-қатынастың ары қарай нығая түсуін біздің елдеріміздің халқы толықтай қолдайды, – деді елші.
Ресми мәліметтерге сенсек, ширек ғасырда Қазақстан мен Ресей арасында 300-ге жуық екі­жақты келісімге қол қойыл­ған. Оның ішінде екі елдің стра­тегиялық әріптестігінің негізі болып отырған маңызды құжат­тар да бар. Атап айтсақ, Достық, ынтымақтастық пен өзара көмек туралы келісім (1992 ж.), XXI ғасырға негізделген мәңгілік дос­тық пен одақтастық туралы дек­ларация (1998 ж.), XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық туралы келісім (2013 ж.) бар.
Иманғали Тасмағамбетов келісімдер базасының іс жүзінде нақты жүзеге асып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде елші:
– Мұндай екіжақты қарым-қатынастың табысты көрінісі – ел арасында туын­дайтын өзекті мәселелерді дер кезінде шеше алуында. Әлдебіреулер үшін бұл шешіл­мейтін мәселе­лер болып көрінсе де, Қазақстан мен Ресей алдында әр нәрсе өз шешімін табады да, келесі әріптестік қадамдарға ке­ңінен жол ашады, – деп мәлім­деді.
Мәскеу мемлекеттік халық­аралық қарым-қатынастар уни­верситетінің ректоры Анатолий Торкунов Ресей үшін Қазақстан­ның посткеңестік кеңістіктегі негізгі мемлекеттердің бірі әрі тәуелсіздік алған жылдардан бергі жақын серіктесі екенін баса айтты.
– Елдеріміз 25 жыл бойы халықаралық мәселелерде тығыз байланыс орнатып келеді. Қа­зақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы – оның халық­аралық дәрежедегі жоғары беделінің көрсеткіші, – дейді.
Ресей Сыртқы істер минис­трі­нің орынбасары, статс-хат­шысы Григорий Карасин биыл Ресейдің барлық ТМД елдерімен арадағы дипло­матиялық қарым-қатынастың 25 жылдығын атап өтетінін, бірақ дәл осындай ау­қымды конфе­ренцияның ешбір елмен арада ұйымдас­тырыл­мағанын жеткізді. Иманғали Тасмағам­бе­тов­тың сөзіне қолдау білдіре оты­рып, екі ел арасында туындай­тын кез келген мәселенің екіжақты және көпжақты диалог шең­берінде шешілетінін айтты.
– Қазақстан мен Ресейдің қазіргі қарым-қатынасы жоқ жерден пайда болған жоқ. Кеңес Одағы құлағаннан кейін тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы барысында біз жатсыну мен шеттетуден аман қалдық, – деді ресейлік дипломат. Оның ай­туынша, Қазақстан да, Ресей де қазіргі қарым-қатынастың нығая түсуіне мүдделі, Қазақстан Президентінің бастамасымен жүзеге асып жатқан еуразиялық интеграцияның белсенді қаты­сушылары әрі ТМД, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, БҰҰ, ЕҚЫҰ, Шанхай ынты­мақтастығы ұйымдары аясында табысты қарым-қатынас ор­натқан елдер санатында.
Ресейлік дипломат Григорий Карасин Қазақстан мен Ресей стратегиялық байланыстарына екі ел басшыларының саяси се­нім мен дәстүрлі достық қарым-қатынастары сүбелі үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті.
К.ӘЛІМ

Бөлісу:

Пікір жазу


*