«ДІН МЕН ДӘСТҮР» ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

805
0
Бөлісу:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр ІІ» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. «Дін мен дәстүрдің» екінші бөлімінде салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік, дәстүрдің діндегі орны, ислам мен дәстүріміздің қабысатын тұстары жайлы жан-жақты мәлімет берілген.

Шараға зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлері қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Бұл кітап­тың маңызына тоқталды. Қа­зақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы жиналғандарға ризашылығын білдіре отырып:
– Халқымыз ислам құнды­лық­тарын дәстүрге айналдырған «Жамағат пен зиялы қауым өкіл­дері тарапынан «Дін мен дәстүр» кітабына қатысты жылы пікірлер айтылды. Бірінші кітап жарық көргенде оқырмандарға «Дін мен дәстүрдің» екінші бөлімін шы­ғаруға уәде бергенбіз. Ғалым­дарымыз кітаптың екінші бөлімін сараптамадан өткізіп, дайындап шықты. Бұл кітап 7 мың данамен жарық көрді. Алдағы уақытта
50 мың данамен шығарамыз. Барлық өңірлерге жеткізіледі. Дін мен дәстүр – халқымыздың сыртқы ықпалға төтеп беретін рухани иммунитеті. Қос қанаты­мыз. Бұл игі идея діни орта мен зайырлы қауымды бір мүддеге біріктірген көпірге айналды, – дейді.
Бас мүфти Ержан қажы Мал­ғажұлы ұлт жанашыры Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» дегенде, ұрда-жық мінез емес, имандылық пен адамгершілікті айтып отыр­ғанын еске салды. Оның ай­туынша, адам мінезін қалыптас­тыратын түпкі негіз – дәстүр.
– Бұл туралы Ресей зерт­теушісі Виктор фон Герн «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзімен, қайы­рымды ақкөңілдігімен және қонақ­жайлылық қасиетімен таңғал­дырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет» деп жазған екен. Ислам діні ізгі дәстүрлерді мансұқтамайды. Әрі дәстүр­леріміз исламнан бастау алаты­нын, онымен қабысып бүгінге жетіп отырғанын осы кітаптан көреміз. Халқымыз ислами құн­дылықтарды әрбір аятпен, хадиске амал жасау арқылы дәстүрге айналдырған, – деп ойын түйіндеді.

К.Әлім

Бөлісу:

Пікір жазу


*