Құттықтау жеделхатын жолдады

1183
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы қызметіне қайта сай­лануымен құттықтады.
«Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және ха­лықтың әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті.
Сізге достас Қытай мемлекеті­нің халықаралық беделі мен әлеу­меттік-экономикалық қуатын арт­тыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еңбегіңізге сәттілік тілеймін.
Қазақстан мен Қытай ара­сындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздың достығы нығая түсетініне сенім білдіремін» делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзинь­пинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*