Қанат Ислам бірінші орта салмақта WBA титулына басты үміткер атанды

917
0
Бөлісу:

Аргентиналық BoxeodeCampeones.com порталының тілшісі Хави Толедо бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) келесі қарсыласы аргентиналық Брайн Кастаньо (14-0, 10 KO) болуы мүмкін екенін айтып берді, деп хабарлайды  Vesti.kz тілшісі.

«Эрисланди Лара мен Деметриус Андраде орта салмаққа ауысып жатыр. Менің ойымша, бұл Брайн Кастаньо үшін бос тұрған белбеуді алуға зор мүмкіндік. WBA рейтингінде ол қазір бірінші орында тұр. Содан соң Қанат Ислам орналасқан. Олардың кездесуі 2018 жылы өтуі мүмкін. Қанат Ислам Костаньоның негізі қарсыласы болуы мүмкін. Ислам – өте мықты боксшы. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Өте тәжірибелі боксшы. Сондықтан да Кастаньо үшін қауіпті қарсылас болады.

Лара мен Андрадедің орта салмаққа ауысуы бірінші орта салмақта жаңа мықты боксшылардың шығуына мүмкіндік береді. Егер барлығы да осылай болатын болса, Костаньо үшін міндетті қарсыластардың бірі Ислам, америкалық Джон Вера және ресейлік Хусейн Байсангуров болуы ықтимал», – дейді Толедо.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір аргентиналық тілші Армандо Мендоза алдағы уақытта Қанат Ислам мен Брайн Кастаньо кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын.

28 жастағы Кастаньо WBA рейтингінде Қанат Исламнан бір саты жоғары орналасқан. Бірақ басқа барлык рейтингте қазақстандық боксшыдан төмен тұр. Соңғы кездесуін ол 1 шілде күні Аргентинада өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша франциялық Мишель Сороны (30-2-1, 20 KO) жеңді.

Қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы суперчемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға (24-2-2, 14 KO) тиесілі. Ал WBA белбеуі америкалық Деметриус Андрадеге (24-0, 16 KO) тесілі еді. Бірақ ол белбеуін бас тартып, орта салмаққы өтті. Ал Лара болса алдағы уақытта орта салмаққа ауысуды ойластырып жүр.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды. 

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*