Заң сөйлесін

1395
1
Бөлісу:

Заңдық сауаттылық – бүгінгі қоғам талабы. Өзің өмір сүріп жатқан елдің заң ережелерін, құқықтық қағидаларын білмеуден кез келген азаматтың ұтылатынын, кейде білместіктен есесін жіберіп алатынын былай қойғанда, құқықтық сауаттылықтың төмендігі – өте қауіпті. Осындай білместіктің салдарынан болар, соңғы уақытта жаңалықтар легінде түрлі жаға ұстатар, қынжылтар жайттар туралы ақпараттар азаймай тұр.

Әділетсіздікке тап болып, қолына кісен са­лынған ұлын қорғау үшін шарқ ұрған ана, ары тапталып, зорлыққа тап болған қаракөз қыздар, жұмыс берушінің құр сөзіне сеніп, қағаз жүзінде рәсімдемегендіктен жұмыс беру­шіге еңбегін жегізгендер, алаяқтарға ал­данып, жер мен баспана дауының орта­сында қалған халық, айта берсе, жетіп ар­ты­лады. Осының барлығы қоғамымыздағы құ­қықтық сананың әлі де болса төмендігін, заң­дық сауаттылықтың жетіспейтіндігін бай­қатса керек. Осы тұста, Еуразия бірінші ар­на­сының жаңа маусымында «Заң сөй­ле­сін» атты жоба іске қосылуда. Бағдар­ла­ма­ның мақсаты – халыққа заң ережелерін тү­сін­діру, заңға сай қандай құқықтары мен мүм­кіндіктері бар екенін ұғындыру, белгілі бір даулы мәселелерден заң шеңберінде қа­лай шығуға болатынын көрсету. Себебі, заң­ды түбірінен білмейтін адам қоғамда бел­гілі бір жайттарға тап болғанда өзіне се­нім­сіздік танытып, қарсы тарапқа өзін жы­ғып береді, жеңіліп бара жатқанын сезсе, ақ­ша ұсынып, жемқорлыққа сүрлеу са­лады.
Бағдарламаны ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы жүргізеді.
– Телевизияда 44 жыл жүргенде түйге-нім – біз бәрін білеміз. Бірақ заңмен таныс емеспіз. Кез келген тәуелсіз Қазақ елінің аза­маты өзінің заңымен таныс болмаса, түп­тің түбінде заң онымен танысатынын ес­тен шығармаса деп ойлаймын. Жобаны «Заң және заман» деп те атауға болар еді. Де­генмен ендігі жерде өзімізден бұрын тәр­тіп­ке, әділетке жүгінудің жалғыз жолы – заң­ды сөйлету керек. Заң сөйлесе – кез кел­ген көрерменге көмек болады деген се­німіміз бар. Өкінішке қарай, қазіргі қазақ те­левизиясында мұндай жанр көп емес. Қа­зір не көп – шоу көп, концерттік бағ­дар­ла­малар көп. Елге көмек болатындай, жұрт­пен ақылдасатындай, болып жатқан жаңа­лықтарға үн қосатындай публицистикалық сурет­темелер, очерктердің азайғаны қын­жыл­тады. Жоба осындай олқылықтардың ор­нын толтыратын дүние болатындай кө­рі­неді, – дейді журналист.
«Тұрмыс түзер ойыңды, ойың түзер бойың­ды» демекші тәуелсіздік алып, жо­ғы­­мызды түгендей бастаған заманда «Ру­ха­ни жаңғырудың» маңыздылығын Мемлекет бас­шысы атап өтті. Ішкі-сыртқы саясатты рет­теп, экономиканы жолға қойып, даму­дың даңғыл жолына түскен тұста, баба­ла­ры­мыз бойымызға сіңірген ізгі қасиеттерді сақ­тап, бүгінгі күннің сынына төтеп беруге ке­дергі келтіретін кертартпа таптаурын­дар­дан арылып, «ашық санамен» рухани ке­мел­деніп, білім жинап, сауатымызды, оның ішін­де заңдық сауатымызды арттырсақ, те­реземіз теңесері анық.

Гүлнұр ЖАҚСЫЛЫҚОВА

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Перизат 17 Қыркүйек, 2018 at 15:46 Жауап

    Салеметсіздер ме? Менің есімім Сенкебаева Перизат Нурлановна.Мен 2013 жылдан бері балама алимент ала алмай келемін.Балқаш қаласының сот орындаушылырында бұл іс 3жыл жатты.Бұрынғы жодасым басқа қалаға кетіп қалған соны таба алмай жүрміз деп.Одан кейін біз жабылып жатырмыз деп іс қағаздарын өзімі қайтарып частыный сот орындаушығы апарыңыз деді.Ол жерде 2 жыл жатты алі нәтиже жоқ.Балқаш қаласының прокуратурасына да өтініш қалдырдым ол жерден де хабар болмады.Барлығы өзіміз хабарласамыз бен қайтарады.Енді мен қайда жәнекімге барсам болады№Осы мәселенә қозғап бере аласыздарма.номер қалдырайын 87027228403

Пікір жазу


*