Ұлттық қауіпсіздік мәселелері қаралды

1033
0
Бөлісу:

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовты қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы елімізде өтетін халықаралық іс-шаралар барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аудартты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ EXPO – 2017 халықаралық мамандандырылған көр­­месін өткізген кезде құқық қорғау құры­­лымдарының сапалы жұмыс атқар­ғаны үшін тағы да алғыс білдірді.
– Мен арнаулы және құқық қорғау ор­гандарының қызметкерлеріне EXPO – 2017 көрмесін өткізуде үйлесімді жұмыс жүр­гізгені үшін алғыс айттым. Олар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ете алды. Сон­дықтан көрмеге келген барлық қонақ­тар тарапынан жақсы баға берілді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Өз кезегінде Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­тетінің төрағасы Кәрім Мәсімов еліміздегі қа­зіргі ахуал мен ұлттық қауіпсіздікті қам­та­масыз ету үшін қабылданып жатқан ша­ралар туралы баяндады.
– Ел ішіндегі ахуал тұрақты. Астанада EXPO – 2017 көрмесін өткізу кезінде ар­нау­лы және құқық қорғау қызметтері өз мін­деттерін жоғары деңгейде атқара біл-ді, – деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тө­рағасы.
Соңында Қазақстан Президенті бір­қа­тар нақты тапсырмалар берді.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*