БІРЛЕСКЕН ЖАСАҚ БІР ЖҰДЫРЫҚҚА ЖҰМЫЛДЫ

1298
0
Бөлісу:

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының «Жауынгерлік бауырластық – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының «Мызғымас бауырластық – 2017» деп аталған үшінші кезеңі қазанның 16-сы мен 20-сы аралығында Алматы түбіндегі «Іле» полигонында өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлеріне қарасты Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Алмас Жұмакеевтің басшылығымен өткен бірлескен жаттығуға ҰҚШҰ құрамына кіретін Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің жедел мән беру ұжымдық күштерінің жасақтары қатысты. 

Қазақстанда өткен «Мызғымас бауыр­лас­тық – 2017» жаттығуы – ҰҚШҰ-ға мүше-мем­ле­кет­тердің күш-құралдары мен қарулы күш­тері­нің барлау бөлімшелерінің қатысуымен бір­­лесіп ұйымдастырылған «Іздеу – 2017» және «Жауынгерлік бауыр­лас­тық – 2017» же­дел-стратегиялық оқу-жаттығуларының ло­ги­калық жал­ғасы. Бұл – жаттығудың үшінші ке­­зеңі. Біріншісі, Ресейде өткен. Ре­сей Фе­де­рация­сының арнайы мақ­сат­тағы бөлімшесінің күшімен лаң­кес­терді жою және кепілге алын­­ған­дарды бо­сату жөнінде операция өткізілді. Онда так­тикалық әуедесанты Беларусь пен Қа­­зақстанның әскери контингенттері құра­мында белгіленген ауданда маңыз­­ды шепке ор­наласып, заңсыз қару­лы құралымдардың ше­гінуін оқшаулады. Екіншісі, «Өзара іс-қи­мыл – 2017» оқу-жаттығуының бел­сен­­ді фа­за­сы 13 қазанда Армения Рес­­­публикасының үш полигонында өт­ті. Негізгі іс-қимыл Ереван қа­ла­сы­ның маңында орналасқан «Баг­рамян» по­­лигонында болды. Мұнда ұрыс­қа ен­гізілген мо­тоатқыш рота­сы­ның ма­неврлі қорғаны­сы­нан кейін танктердің, артиллерия мен авиа­ция­ның қолдауы­мен мотоатқыш ба­тальоны шы­ғып бара жатқан қар­сы­лас­ты талқандады. Он күнге со­зы­латын ке­­лесі төртінші кезең таяу күндері Тә­жік­стан да болады деп жос­пар­ланған.
– «Өзара іс-қимыл – 2017» оқу-жат­тығуы – әскерлеріміздің жауын­гер­лік шеберлігін, коалициялық топ­тама құрамында жауынгерлік іс-қи­мылдарды жоспарлау біліктілігін шыңдау, өзара іс-қимылды ұйым­дастыру және жан-жақ­ты қамтамасыз ету бағытындағы маңызды қа­дам. Жыл сайын өткізілетін жаттық­тыру­лар­да офицерлер, сержанттар мен сар­баздар жақсы тәжірибе жинақ­тай­ды. мұнда өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүм­кін­дік­тері болады. БҰҰ-ның әдістемелері мен стан­дарт­тары бойынша, Ұйымның бітімгер­ші­лік күш­тері дайындықтарын жетіл­ді­реді. «Мыз­ғымас бауыр­лас­тық – 2017» оқу-жат­тығуын – бітім­гер­ші­лік кон­тин­генттеріміздің бірлескен дайын­ды­ғының негізгі кезеңін аяқ­таймыз. Сіз­дерге оқу-жаттығу бары­сын­да көр­­­сеткен жоғары кәсіби­лік­теріңіз, та­нытқан ынта-жігерлеріңіз бен ке­ремет машықтарыңыз үшін ал­ғыс біл­діремін, – деп атап өтті жат­ты­ғу­дың әрбір кезеңін қадағалап отыр­ған Қор­ға­ныс министрінің бі­рінші орын­басары – Қарулы Күштер Бас шта­бының бастығы, ге­нерал-лей­тенант Мұрат Майкеев.
Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қам­тамасыз ету қазіргі кезеңде тек Орталық Азия ай­мағы үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіләлем­дік қауым­дастық үшін өзекті мәселе бо­лып отыр. Қазақстан Республикасы дәйек­ті түр­де ел мен аймақтағы тұрақ­­­тылық пен қауіп­сіз­­дікті қамта­масыз ететін жағдайды қалып­тастыру, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұруда халықаралық құқықты негізге алу мен пайда болған қатерлерді бастапқы кезеңде шешу мен алдын алу, олар­дың негізінде жатқан фун­да­мен­тальды себептерді жоюға күш салады. ҰҚШҰ-ның негізгі мақсаты – мүше-мем­лекеттердің ұлт­тық қауіпсіздігін қам­­та­масыз ету, егемендігі мен тер­ри­то­риялық тұтастығын қорғау, ұлттық қару­лы күштерді әскери және ұйым­дастыру­шылық жағынан нығайту, ор­тақ шекараны қорғау жүйесін сақ­тау, ТМД-ға кірмейтін мем­ле­кет­тер­мен шекараны бірлесе қорғау са­ла­­сындағы өзара ықпалдастық пен ын­­ты­мақ­тастықты қалыптастыру. ҰҚШҰ қызметінің басты бағыт­та­рының бірі-халықаралық терроризм, экстремизм және соған қатысты са­на­латын қылмыстар – есірткі және қарудың заңсыз саудасы, ұйымдасқан қылмыс, заңсыз миграциямен күрес са­ласындағы ынты­мақ­тастық. Мы­салы, есірткі контрабандасымен кү­рес аясында ҰҚШҰ мүше елдерінің өкілетті ор­гандарының жетек­ші­лерінің координа­ция­лық кеңесі құрыл­ды, ішкі істер, ұлттық қауіп­сіз­дік органдары, шекара және кедендік қыз­мет күштерін тарту арқылы опе­ративті алдын алу шаралары жүр­гі­зіледі.

Оқу-жаттығудың «Іле» поли­го­нын­да өт­кен үшінші кезеңінде ҰҚШҰ-ның құрамына кір­мейтін мем­лекет аумағында БҰҰ Қауіп­сіз­дік кеңесінің бұрыштамасы бойын­ша Ұжым­дық бітімгершілік күш­те­рін қолдану арқылы бейбітшілікті ұс­тап тұру жөніндегі операция жүр­гізу, сондай-ақ бітімгершілік тап­сырмалар­ды орындау кезінде ха­лықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау мәселелері пы­сық­талды. Бір­лескен бітімгерлік кон­тин­гентіне ұжымдық бітімгершілік күш­тердің қолбасшысы, Қазақ­стан Рес­публикасы Қарулы Күштерінің Де­­санттық-шабуылдаушы әскер­лері қолбас­шы­сының жауынгерлік даярлық бойынша орын­басары полковник Мереке Көшекбаев бас­шылық жасады.
Оқу-жаттығуға барлығы 1500 әс­кери қыз­мет­ші қатысты, 200-ге жуық қару-жарақ, әс­кери және ар­найы техника, 25-тен аса ұшу құ­рал­­дары тартылады. Мұнда «Росг­вар­дия» ар­найы полиция жасағы, Ар­ме­ния полиция­сының Ұйымдас­қан қылмысқа қарсы күрес бас­қар­масының бөлімшелері, Қазақстан Ұлт­­тық ұланының бөлімшесі, қыр­ғыз, тәжік ел­дері­нің бітімгершілік күш­теріне жататын жа­сақтары қа­тысты. Қазақстанда өткен оқу-жат­ты­ғудың ерекшелігі – ҰҚШҰ Ұжым­дық бітім­гершілік күштеріне қо­сымша көмек ретін­де авиациялық ком­понент, оның ішінде, ұшқыш­сыз ұшу аппараттары, сондай-ақ пси­хологиялық күрес және ақ­па­рат­тық қарсы кү­рес бөлімшелері тар­тылды. Сондай-ақ алда­ғы іс-қи­мылдарға дайындау мақсатында, Қы­­зыл Крест халықаралық коми­теті­нің Ресей, Бе­лорусь және Мол­дова елдеріндегі қауіпсіздік күш­те­рі­­мен бірлесіп жұмыс істеу бойын­ша бө­лім­нің жетекшісі Олег Бон­дарен­ко бастап кел­ген Мәскеу деле­га­ция­сының өкілдері бей­біт­шілікті ұстап тұру жөніндегі операцияларды өткізу кезінде халықаралық ізгілік құқықтарын қолдану бойынша са­бақ­тар өткізді.
Оқу-жаттығу барысында ҰҚШҰ ҰБК поли­цей­лер бөлімшелерінің бір­лескен іс-қи­мыл­дарын БҰҰ По­лиция департаментінің қоғам­дық тәр­тіп жөніндегі кеңесшісі Джорд­жио Джиаймо қадағалап отырды. Сондай-ақ ба­қылаушылар ретінде оқу-жаттығуға Қазақ­стан Респуб­ли­касында аккредиттелген шетел­дік әскери-дипломатиялық корпус өкіл­дері, ха­лықаралық және өңірлік ұйымдардың (БҰҰ, ҚКХК) бұқара­л­ық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


– Оқу-жаттығудың белсенді фа­за­сында бі­тім­гершілік бөлім­ше­лер­дің жеке құрамы іс жүзінде бақылау-өткізу және бақылау пункт­терінде қызмет өткеру, жергілікті жер мен ел­дімекендерді патрульдеу, маңыз­-ды нысандарды күзету, жер мен ны­­­­сандарды минасыздандыру, ра­диа­циялық, химиялық және био­­­­­­­ло­гия­лық бар­лауды жүргізу, өрт сал­да­рын жою, жаппай тәр­­­тіп­­сіз­діктерге қарсы тұру, ізгілік жүк­терді алып жүру, заңсыз қарулы құра­лымдарды оқ­шаулау және жою ке­зіндегі іс-қимылдарды пы­сық­та­ды. Ұжымдық бітімгершілік күш­тері бө­лім­ше­ле­рінің командирлері бі­тімгершілік тап­сырмаларды орын­­дауды ұйым­дастыруда, бей­біт­шілікті ұстап тұру жөнінде опе­­­­ра­цияны жүр­гізу бары­сында бө­лім­ше­лерді басқару, өза­ра іс-қи­мылды ұйым­дастыруда прак­ти­калық ма­шық­тарын жетілдірді, – дейді Ұлт­тық ұлан бө­лімшесін коалиция күш­тері құрамында қол­дану­ды жос­парлау бөлімінің бас­тығы, пол­ков­ник Сергей Истомин.
ҰҚШҰ біріккен штабы мен қол­бас­шы­лығының және халықаралық байқаушылардың берген тапсыр­масы бойынша белсенді фазада бі­тімгершілік күштері өзара іс-қи­мыл­­да­рының үйлесімділігін, жо­ғары кә­сібилігі көрсетті. Олар­дың атқа­ра­тын міндеттеріне атысты тоқ­тату туралы бітімгершілік келісім жасау, ба­қылау-өткізу пункттерін және бақылау бекет­те­­­рін ұйымдастыру, жауапкершілік ай­мақ­та­рын белгілеу арқылы дағдарыс ауданында қауіп­сіз жағдайды қамтамасыз ету, жан­жалдасушы та­рап­тарды ажырату және жәрдем көрсету үшін гумани­тар­лық дәліздерді жасау кірді. Бұл мін­деттер жаттығу барысында то­лы­ғымен орын­далды. Бітімгершілік контингентінің күштері жанжалды бейбіт реттеу, заңдылық пен құқық­тық тәртіпті қалпына келтіру үшін ке­ліссөздер жасау және басқа да іс-шараларға жағдай жа­сады. Ұжым­­дық бітімгершілік күштердің ин­женерлік-саперлік бөлімшелері дағдарыс ауда­нындағы фортифи­кациялық ғимарат­тар­ды жойып, ми­на қойылған алаңдарды, маңай­ды жарылмай қалған снарядтардан тазартты. Ұжымдық бітімгершілік күш­терінің медици­налық қызметі зар­дап шеккен бейбіт тұрғын­дарға дәрігерлік көмек жасады.
– Оқу-жаттығу көздеген мақса­ты­на қол жет­кізілді. Жеке құрам тұтас­тай кәсібилік пен ше­берліктің жо­ғары деңгейін көрсетті. Осы­мен біз «Жауынгерлік бауырластық – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жат­тығуының пост­жан­жалды реттеу кезеңін аяқтаймыз, – деді қо­ры­тын­ды сөзінде ҰҚШҰ штабының бас­ты­ғы, генерал-полковник Ана­то­лий Сидоров.
Оқу-жаттығу нәтижелері бойын­­­­­ша үздік шыққандар медаль­дар­мен, грамоталар және естелік сый­­лықтармен марапатталды.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*