Ұйым әлеуеті пайдаланылады

1033
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға алғаш рет келген ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гурриамен кездесті. Сенат басшысы халықаралық аренадағы біздің еліміздің маңызды әріптесі болып табылатын ЭЫДҰ-мен ынтымақтастыққа Қазақстанның үлкен мән беретінін атап өтті. 

«ЭЫДҰ елдері – Қазақстан үшін үлгі тұтатын бағдар» деді Қ.Тоқаев. Тараптар ЭЫДҰ-ның Қазақ­стан­мен ынтымақтастық жөніндегі ел­дік бағ­дарла­ма­сының жүзеге асуын тал­қы­лай келіп, оның өнім­ділігі мен өзе­к­тілігін атап өтті. ЭЫДҰ-ның Қазақ­станға арналған елдік бағдар­ламасы инклюзивті және тұрақты экономикалық өсуге, шағын және орта биз­несті дамы­туға, халықтың осал топта­рына қол­дау көрсетуге, сон­дай-ақ ген­дер­­лік мәселелерді шешуге жағдай жа­сауға бағытталған. Елдік бағдар­ла­­маның үштен бірі әлеуметтік мәсе­­лелерге арналған.
А.Гурриа Қазақстанда жүргізіліп жат­қан реформаларға жоғары баға берді және ЭЫДҰ-ның елімізге қа­жет­­ті консуль­та­тив­тік көмек көр­се­ту­ге дайын екенін атап өтті. ЭЫДҰ Бас хат­шысы Қазақстанда Еуразия апта­лы­ғын өткізуге қолдау біл­діргені үшін алғысын білдірді, сон­дай-ақ ұйым­ның парламенттік же­лісі аясында ын­тымақтас­тық­ты да­мы­туды ұсын­ды. Ол Сенат төра­ғасын ұйымның пар­ламенттік шараларына қатысуға шақырды.
Кездесу соңында Қ.Тоқаев Қазақстан ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәжі­рибесін барын­ша пайдалануға және елдің тұрақты да­муын қамта­ма­сыз ету үшін, келешекте ұйым­ның сараптамалық әлеуетін пайда­ла­нуға ниетті екенін атап өтті.
Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев­тың төра­ғалығымен Сенат бюро­сының отыры­сы өтіп, онда палатаның кезекті отырысы­ның күн тәртібі белгіленді. Оған сәйкес, сена­торлар 26 қазанда 4 халықаралық рати­фи­кациялық құжаттарды талқылайды. Олар – Қазақстан мен Сауд Арабиясы Король­дігі арасындағы «Ұстап беру туралы келі­сімді» және «Сотталған адамдарды беру туралы келісімді», сондай-ақ «Ұстап беру туралы конвенцияны» және Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы «№2967-KAZ Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз ин­вес­ти­ция­лық бағдарламасы (Маңғыс­тау облы­сын­дағы учаскелер) – 2-жоба) түзетулерге қатысты Қазақ­­­стан мен АДБ арасындағы келі­сім­хатты» ратификациялау туралы заң жобалары.
Бюрода Парламент мәжілісі ма­құл­­­даған заң жобалары бөлінді. Сенат­тың Қаржы және бюджет коми­теті «Кейбір заңнамалық актілерге бюджет заңнамасын жетілдіру мәсе­ле­лері бойынша өзгерістер мен то­лық­­­ты­рулар енгізу туралы», «ҚР Ұлт­тық қоры­нан 2018-2020 жылдарға арналған кепіл­ден­дірілген трансферт туралы» және «2018-2020 жылдарға арналған респуб­ли­ка­лық бюджет туралы» заң жобалары бойын­ша бас комитет болып белгіленді.
Отырыста Сенат жанындағы Жер­гі­лікті өкілді органдармен (мәсли­хат­тармен) өзара іс-қимыл жасау жөнін­дегі кеңес туралы ережеге өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгі­зіл­ді. Кеңестің құрамы және құры­лы­мын белгілейтін 3 бөлімнің, сондай-ақ кеңестің оты­рыстарын өткізу мерзімін реттейтін 4.1-тармақтың жаңа мәтіні бекі­тіл­ді. Кеңес төрағасы болып С.Громов сайланды.
Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*