Айыппұл төмендетіледі

890
0
Бөлісу:

Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросының отырысы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қарауға ұсынылатын мәселелері айқындалды.

Күн тәртібі жобасына сәйкес, Әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы кодекске заңна­малық түзетулерге қатыс­ты жаңа заң жобасы депутаттардың бірінші оқылымда талқылауына шығары­лады. Заң жобасы бойынша әкім­шілік айыппұл­дардың мөлшерін төмендету, ескерту шараларының қолданыс аясын кеңейту, сондай-ақ жаза­лардың түрін ізгілендіру жағына қарай қайта қарау көздел­ген. Жалпы алғанда, құжат әкім­шілік-деликтілік заңнаманы ары қарай ізгілендіруге бағыт­талған.
Бұдан бөлек, палатаның сол жалпы отырысында тұрғын үй қатынастары мәселелеріне қа­тысты жаңа заң жобасын екін­ші оқылымда талқылау ұсы­нылады. Бұл жоба әскери қыз­мет­шілердің әлеуметтік жағ­­дай­­ларын жақсар­тып, баспана мәселелерін шешуді мақсат тұтады.
Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары қарауына ратифи­кациялық құжат – Қазақстан мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арасын­дағы штаб-пәтер туралы келісімге қатысты заң жобасы енгізіледі.
Жалпы, отырыстың күн тәрті­бі бойынша палата сондай-ақ өзінің бейінді комитеттеріне бірқатар жаңа заң жобаларына қорытынды әзірлеу мерзімін бел­гілеп береді деп күтілуде. Бұл жо­балар арасында халықты жұ­мыспен қамту және көші-қон мәселелері бойынша заңнама­лық түзетулер, сонымен бірге, Қазақ­стан мен Түркіменстан ара­сын­дағы стратегиялық әріптестік шартты, 2014 жылғы 29 мамыр­дағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасы­ның қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттың жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттама секілді ратификациялық актілер бар.

Ерік ЕРДЕНОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*