Жаңалыққа құштар

765
0
Бөлісу:

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Жас Отан» Жастар қанатының облыстық филиалы жас ғалымдардың ғылыми конвентін өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жастар ара­сында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жа­һандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елба­сының Жолдауын насихаттау, инновацияны дамытуға белсенді қатыс­тыру.
– Мемлекетіміздің ғылыми потен­циалын дамытудағы жастардың, талантты жастарды қолдауға арналған партиялық шаралар талқыланды. Осы нақты қол­даудың жарқын үлгісі «Нұр Отан» пар­тиясының жастарға арналған NURINTECH республи­калық байқауы­ның халықаралық иннова­циялық номи­нациясының бас жүлдегері, 2 миллион теңгенің иегері, қарағандалық жас ғалым Нұржан Есмағамбет, – деп атап көрсетті Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі Аслан Қабегенов.
Іс-шараға қатысушылар ҚарМТУ шетел­дегі белді жоғары оқу орындарымен белсенді қарым-қатынас орнатқандығы туралы атап өтті. Студенттер халықаралық және республикалық конференцияларға жиі қатысады. Осының барлығы жастарды ғылыммен айналысуға ынталандырады.
Сонымен қатар Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ірі ұлттық кәсіпорындармен және мекемелермен, «Нұр Отан» партиясымен өзара ынтымақ­тастығы туралы айтылды.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*