Ынтымақтастық өрістейді

1071
0
Бөлісу:

Сенат төрағасы Қ.Тоқаев Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам парламенті басшысының Қазақстанға алғаш рет жасап отырған ресми сапарына қолдау білдірді.

Спикердің айтуынша, дипло­матиялық қатынастар орнаған 25 жылда біздің елдеріміз арасын­дағы барлық саладағы, әсіресе, саяси және сауда-экономикадағы ынтымақтастық іс жүзінде дами түсті. Сонымен бірге, екі елдің мүм­кіндігі мен мүддесіне сай келе­тін ынтымақтастықты өріс­тету жөніндегі ауқымды жұ­мыстар атқарылатын болады.
Екіжақты өзара іс-қимыл тура­лы айта келе, Қасым-Жо­март Кемелұлы Қазақстанда халық­аралық логистикалық хаб құруға бағытталған трансқұрлық­тық инфрақұрылым жобала­рының іске асуына байланысты вьетнам­дық бизнес алдынан ашы­латын мүмкіндіктерге тоқ­талды. Сенат төрағасы Еуразия­лық экономи­калық одақ пен Вьетнам арасын­дағы еркін сауда туралы келісімді іске асыру тұрғы­сында елдеріміз арасын­дағы тауар айналымын одан ары ұлғайтудың келешегі зор екенін атап өтті.
Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекші­лерінің съезін шақыру жөніндегі Қазақ­станның тәжірибесі және онда діни және саяси қайрат­керлер қазіргі замандағы аса ма­ңызды мәселелерді талқылай­тыны тура­лы Сенат төрағасының ақпараты мәртебелі меймандар­дың зор ықыласын туғызды.
Вьетнам делегациясы басшы­сының пікірінше, бұл форум – ұлтаралық және дінаралық бей­бітшілік және келісім жөнін­дегі Қазақстан басшы­лығының же­місті саясатының жарқын көрі­нісі.
Тараптар екі ел арасындағы сауда, өзара гуманитарлық іс-қимыл, мәдени және туристік са­парлар мәселелерін талқы­лады.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*