Береке мен бірліктің жолы

769
0
Бөлісу:

Астанада «Рухани жаңғыру – береке-бірлік жолы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтуде. Астана қаласының әкімдігі, Дін істері басқармасы мен «Мәдениет арқылы әлем» халықаралық қауымдастығы ұйымдастырған іс-шарада қазіргі дәуірді, оның ерекшеліктері мен өзіндік артықшылықтарын адамзат алдындағы бірқатар заманауи күрделі мәселелерді оңтайлы шешу мен жаңа ғылыми негіздерге сүйене отырып, байыптауға негізделген Қазақстан мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамалары қарастырылды.

Конференция аясында Еура­зия халқы ассамблеясының кеңей­тілген отырысы және Ру­хани келісім күніне арналған Рухани мәдениеттің әлемдік форумы президиумының жиыны өтті. Шара барысында Астанада рухани-адамгершілік жаңғыру мәселелері талқыланды. Негізі, Еуразия халқы ассамблеясы биыл мамыр айында Мәскеуде құрыл­ған болатын. Ұйым бүгінде әлем­нің 30-дан астам мемлекетінің өкілін біріктіреді. Ол – еура­зиялық ынтымақтастық идеясын дамытудағы халық диплома­тиясының құралы ретінде жұмыс істейтін халықаралық қоғамдық қозғалыс.
– Елімізде бейбітшілік және келісімді сақтау үшін жасалып жатқан шаралардың барлығы ел болашағына бағытталған. Себебі, бірлік бар жерде тұрақтылық, бейбітшілік, келісім, даму бол­мақ. Мемлекет үшін ең басты нәрсе – сол. Мұны Елбасы да жиі еске салып отырады. Бүгінгі үн­деуіміз Еуразия халықтарына арналған. Мақсат – мемлекеті­мізде болып жатқан рухани сала­дағы құбылыстарды өзімізде нығайту және соны ары қарай насихаттау, – дейді «Мәдениет арқылы әлем» халықаралық қауым­дастығының президенті Төлеген Мұхамеджанов.
Еуразия халқы ассамблеясына елімізден Олжас Сүлейменов, Төлеген Мұхамеджанов, Наталья Коржова сияқты белгілі қазақ­стандықтар мүше болып отыр. Алқалы отырыста рухани мәде­ниеттің өркениетті даму жолына тигізер әсерін арттыру, дәстүрлі конфессиялардың рухани мәде­ниет­ті арттыру жолындағы бай­ланыс пен ынтымақтастығы, өмірдің гуманистік негіздері мен рухани кемелдену мәселелері талқыланды.
«25 жыл бұрын әртүрлі ұлт өкілдері әлемге рухани бірігуін паш ету үшін бас қосқан болатын. Оның негізін қалаушылар бүгінде өздерін жоғалтқан жоқ, кері­сін­ше, қатарын көбейтті. Жаңа адам­дар мен ұйымдар келді. Оның ішінде «Мәдениет арқылы әлем» халықаралық қауымдас­тығын, Қазақстан халқы ассам­блея­сын, Ресей халқы ассамблея­сын, Еуразия халқы ассамблея­сының құрылуын атауға болады. Мұн­дағы негізгі миссия – бейбіт­шілік пен өркендеу үшін адам­дарды біріктіру. Жақын арада Санкт-Петерборда және Фран­цияда Еуразия халқы ассамблея­сының күндері өтпек» дейді Ресей халқы ассамблеясы кеңесінің төрайы­мы және Еуразия халқы ас­сам­блеясы бас хатшысының бі­рін­ші орын­басары Светлана Смир­нова.
Пленарлық отырыста конфе­ренцияға қатысушылар атынан үндеу қабылданды. Онда қазақ­стандық қоғамның рухани-адамгершілік жаңғыруы, гумани­зация, мәдени өсуі жолындағы әрекет­терді арттыра түсу керегі айтылды. Бұған қол жеткізудің құралы – қоғамдық сананы жаң­ғырту. Бұл үндеу Еуразия халқы ассамблея­сының биыл жыл соңын­да Па­рижде өтетін отыры­сында да оқыл­мақ.

Нұрай РАХЫМ

Бөлісу:

Пікір жазу


*