«Яндексті» құрған отандастар келді

1178
0
Бөлісу:

 Үкімет үйінде Қазақстанның Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев «Яндекс» компания тобының негізін қалаушы және басшысы Аркадий Воложбен кездесті.

Кездесу барысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобасы аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқы­ланды.
Айта кетер жайт, дүйсенбі, 16 қазан күні Аркадий Волож елордада іскер жандармен және дарынды жастармен кездескен болатын. Бұл іс-шара Қазақ­стандағы екінші «Яндекс.Лицей­дің» ашылуына арналды. Түсін­діре кетсек, «Яндекс.Лицейде» 8-9 сыныптардың оқушыларына арналған компьютерлік бағдарламалау бойын­ша тегін курстар өткізілетін болады. Бұл Елбасының рухани жаңғыру жалпыұлттық стратегиясын­да айтыл­ған «Туған жер» бағдарлама­сына жа­уап береді.
Дәл осындай лицейді «Яндексті» құрған отандастарымыз таяуда Алматыда ашқан болатын. Ол «Рес­пуб­ли­калық физика-математи­ка­лық мектеп» базасында жұмыс жасай­ды. Бір қызығы сол, ғаламтордағы «Яндекс» іздеу жүйесінің негізін қалаған қос тұлға – Аркадий Волож бен Илья Сегалович те кезінде Алатау бөк­те­ріндегі әсем қалада орналасқан дәл осы білім ордасын бітірген екен. Волож мырза Алматыдағы балалық шағын сағына еске алатынын және бұл қаланы мақтан тұтатынын айтады. Ол осы күндері Рес­пуб­ли­­калық физика-математикалық мектеп 45 жылдығын атап өтіп жатқанын және құттықтауға баратынын жеткізді.
Аркадий Волож Астанаға өзімен бірге «Яндекс» компаниялар тобындағы Қазақстаннан шыққан басқа да қызмет­кер­лерді ала келіпті.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*