Еселенген қуаныш

1417
0
Бөлісу:

Облыс орталығының іргесіндегі Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғыны 21 жасар Айдана Төлтаева мен жолдасы Дулат Кирбасов үш қыздың ата-анасы атанып отыр. Кеср жолымен туған шақалақтардың салмағы – 1490, 1470, 1670 грамм. Қыркүйек айының 22-жұлдызында өмірге келген үшем бүгін ауруханадан шықты. 

 

Аталмыш мекеменің жаңа туған және шала туғандар потологиясының меңгеру­шісі Эльмира Мұстафаеваның айтуынша, ана мен сәбилердің жағдайы қалыпты. Сәбилер алғашқы күндері интенсивті терапия бөлімшесінде болған екен.
– УЗИ-де үшем екенін білдік. Негізі, біздің әулетте егіздер көп. Бірақ үшемнің ата-анасы болу бақыты жолдасым екеу­мізге бұйырыпты. Қыздарымызды Саяна, Раяна, Даяна деп атадық. Бүгінгі қуа­нышымызды бөлісіп отырған барлы­ғыңызға алғысым шексіз, – деді жас ана. Жалпы, ағым­дағы жылдың тоғыз айын­да аталған орта­лықта 4910 әйел бо­сан­­ған. Дүниеге келген сәбилердің 109-ы – егіз, екі ана үшем боса­ныпты.

Ерман ӘБДИЕВ, Тараз қаласы

Көрнекі фото интернеттен алынды. 

Бөлісу:

Пікір жазу


*