Жарыста топ жарғандар

748
0
Бөлісу:

Алматыда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы ұйымдастыруымен ҚазҰУ-дың кіші стадионында Қазақстан Республикасы IX-жазғы Универсиада бағдарламасы аясында жағажай футболынан жарыс аяқталды.

Командалық сында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің спортшылары Универсиада чемпионы атанды. Екінші орынды Х.А.Ясcауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері иеленсе, үшінші орынға М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясы студенттері ие болды.

Марапаттауларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы оқу-спорт жұмыстары зертханасының бас жаттықтырушысы А.В.Шпех және басқа да лауазымды тұлғалар жүргізді. Командалар Универсиада кубогімен және медальдармен марапатталды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*