Елбасы В.Путинмен кездесті

1251
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында мемлекет бас­шы­лары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі да­мыту перспективасын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Қазақстан­ның экономикадағы және басқа да салалар­дағы маңызды стратегиялық әріптесі болып саналатынын атап өтті.
– Биыл елдер арасындағы диплома­тиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы жылы өзара сауда-саттық көлемі үш есе өсті. Барлық бағыттар бойын­ша жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылуда, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті екі елдің Еу­разия­лық экономикалық одақ аясындағы ын­тымақтастығы нәтижелі болып отырға­нын айтты.
– Орын алған қиындықтарға қарамас­тан, біз алға жылжып келеміз. Қазақстан – Ре­сейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі. Со­­ны­мен қатар Байқоңыр кешеніне қа­тыс­ты әріптестігіміздің дамып келе жатқа­нын атап өткен жөн, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ екі елдің басшылары алдағы кездесулер кестесін талқылап, өңірлік сая­саттың мейлінше, өзекті мәселелеріне тоқ­талды.
Владимир Путин мемлекетаралық бай­ла­ныстарды дамытудың және нығайтудың басты факторы саналатын екіжақты кез­десулердің маңыздылығы мен нәтижелілігі жөнінде айтты.


Пікір


Қымбат НҰРҒАЛИЕВА,
Қазақстан Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы:

ТМД саммиті – пікір алмасу алаңы

– 10-11 қазан күндері Сочиде ТМД саммиті өтті. Саммитке 9 елдің өкілі қатысты. Пікір алмасу форматында кездесулер өткізу ТМД елдеріне экономикалық және саяси ынтымақтас­тықтың өзекті мәселелеріне баса назар аударуға мүмкіндік береді. ТМД саммитінің көпжақты пікірталас алаңы аймақтың маңызды проблемаларын шешуге қызмет етіп, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетіндігін атап өткен жөн.
Мемлекет және Үкімет басшыларының кездесуінде Ресей пре­зиденті Владимир Путин ТМД елдері экономикасының қалпына келетін өсіміне көңіл бөлді. «Жыл басынан бері біздің елдерімізде экономикалық белсенділіктің қалпына келуі байқалды. Өзара сауда көлемі 25 пайызға өсті. Ол 75 миллиард долларға жетті» деді Ресей басшысы.
Тәуелсіз Елдер Достастығына мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қортындысы бойынша отбасы және дәстүрлі отбасылық құндылықтар институтын қолдау жөніндегі ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының мәлімдемесі қабылданды. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар қылмыстық жолмен алынған табыстарды заңдастыруға, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ТМД-ға мүше-мем­лекеттердің ынтымақтастық тұжырымдамасын бекітті.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*