Астана мемлекеттік қызмет хабы Өзбекстанмен ынтымақтастықты арттырады

763
0
Бөлісу:

Астана мемлекеттік қызмет хабының басқарушы комитет төрағасы Алихан Байменов Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі  Икром Назаровпен кездесті.

Елші Икром Назаров Астана хабын аймақтық және екіжақты ынтымақтастықты дамыту ісінде маңызды құрал ретінде атап өтіп, басқарушы комитет төрағасын Өзекстандағы мемлекеттік қызмет реформасына арналған халықаралық конференцияға қатысуға шақырды.

Алихан Байменов елш Хабтың қызметімен, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласында инновациялық шешімдер мен аймақ елдерінің озық тәжірибелері туралы сараптамалық еңбектермен, мемлекеттік қызметті дамыту бойынша ғаламдық және аймақтық заманауи үдерістер туралы кең көлемді зерттеулер нәтижелерімен және басқа да бастамалармен таныстырды. Кездесу барысында тараптар, сондай-ақ, Хабтың Өзбекстан құзырлы мемлекеттік органдарымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб – аймақтағы мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасудың институционалды алаңы. Қазіргі таңда Хабтың қатысушы – елдері қатарында 38 мемлекет, оның ішінде Америка, ЕО, ТМД, Кавказ және AСEAН елдері бар.

Еркін ҚАЛДАН

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*