Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қырғыз Республикасының президенті А.Атамбаевтың айтқан сөздеріне қатысты мәлімдемесі

1183
0
Бөлісу:

Биылғы 7 қазанда Қырғыз Республикасының президенті А.Атамбаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының жекелеген қыр-аспектілеріне қатысты бірқатар орынсыз, әрі екі елдің өзара достық қарым-қатынасына нұқсан келтіретін бірқатар мәлімдеме жасады.

Қырғыз Республикасымен екіжақты қарым-қатынасты дамытудың бұлжымас ба­ғытын растай отырып, Қырғызстан пре­зидентінің сайлауалды мақсатта жасаған жауап­сыз, арандатушылық мәнді және кө­пе-көрінеу жалған пайымы біздің елдері­міз­дің арасындағы ғасырлар бойы қалып­тас­қан өзара көмек пен достықтың дә­не­керіне нұқ­­сан келтірмеуге тиіс.
Осыған байланысты, қырғыз жұрт­шы­лығын Қазақстанның шынайы эко­номикалық дамуы туралы дереу хабардар ету­ді жөн деп шештім.
Тәуелсіздік жылдары біздің эконо­ми­ка­мыз 20 есе өсті. 2012 жылы Қазақстан әлем­­нің бәсекеге қабілетті 50 ең озық эко­но­ми­касының қатарына кірді.
Елімізде қуатты ұлттық бизнес жасалды. Дүниежүзілік банктің Doing Business рей­тингінде Қазақстан әлем елдері арасында 35-орын алады. Бүгінде 1,3 млн кәсіпкерлік құ­рылымдары ұлттық байлықтың ¼ өнді­ре­ді.
Тек соңғы он жылда Индустриялық-ин­но­вациялық дамудың мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында автокөліктер, локомо­тив­тер, вагондар, тікұшақтар және басқа да көп­теген өнімдер шығаратын мыңнан астам жаңа өндірістер салынды. Біздің елімізде бұ­ған дейін ешқашан өндірілмеген өнім­дердің 500 жаңа түрін шығару игерілді.
Қазақстанның көлік инфрақұрылымы да кең ауқымда жаңғыртылуда. 25 жылдың ішін­де 10 мың шақырымнан астам автожол са­лынды және қайта жөнделді. Таяу жыл­дары бұған қоса, ұзындығы 8000 шақы­рым­нан асатын автокөлік жолдарының желісі жаң­ғыртылатын болады.
Біз ұзындығы 2800 шақырым болатын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транс­құр­лық­тық магистралінің қазақстандық аума­ғының құрылысын толығымен аяқтадық. 2,5 мың шақырымнан астам жаңа теміржол са­лынды.
Ақтау теңіз портының инфрақұрылымы ке­шенді жаңғыртылды. Жаңадан Құрық теңіз паромды порты салынды. Каспийдегі теңіз порттарының жалпы өткізу қуаты 26 млн тоннаға дейін ұлғайды. Жыл сайын жаңа әуежайлар мен теміржол вокзалдары іс­ке қосылуда.
Қазақстан тәуелсіздік жылдары 120 млн шар­шы метр тұрғын үй салып, 1,1 млн-нан астам қазақстандық отбасын баспанамен қамтамасыз етті.
2017 жылдың 8 айында ғана «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6,9 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй пайда­лану­ға берілді. Оның ішінде, 18,3 мың жеке үй салынды. 61 мыңнан астам қазақстандық от­басы өздерінің тұрғын үй жағдайын жақ­сартты. Тұрғын үй құрылысы белсенді түрде дамуда. Осы жылдың өзінде 10,1 млн шар­шы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға бері­леді.
Елімізде әлеуметтік инфрақұрылым бел­сенді дамуда. 1,3 мыңнан астам жаңа ау­рухана мен емхана, 500 жаңа балабақша жә­не 1,4 мың мектеп салынды.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаев бас­тамашы болған «Болашақ» бағдарламасы бойын­ша 12,5 мыңнан астам еліміздің жас аза­маттары 35 елдің 200 ең озық әлемдік жо­ғары оқу орындарында білім алды.
Жыл сайын орташа есеппен 270 мың жаңа жұмыс орны құрылады.
Соңғы 15 жылда орташа еңбекақы мен зей­нетақы 10 еседен астам көбейді.
Халықаралық зейнетақы және әлеу­меттік қорлар қауымдастығының ресми мә­ліметі бойынша, зейнетақылардың ең тө­менгі және орташа мөлшері Қырғызстанға қарағанда сәйкесінше, 5 және 3 есе жоғары.
Біздің елімізде орташа өмір сүру ұзақ­тығы 72,3 жылға дейін артты.
Көрсетілетін қызметтер тарифтеріне кел­сек, бүгінгі таңда Қазақстанда табиғи мо­­нополиялар субъектілері мен тұтыну­шы­лардың мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуді ескере отырып, негізгі қор­ларды жаңартуға және жаңғыртуға ба­ғыт­талған жаңа модель іске асырылуда. Бұл ретте, су электр стансалары өндіретін электр энергиясына тарифтер жерасты қаз­баларын пайдалану арқылы алынатын энер­гия көздерінен төмен екені айқын.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ст­ратегиялық мақсаттарын іске асыра оты­рып, біз жаңа Астанамызды салдық. Аста­на­ның дамуына 50 млрд АҚШ долларынан ас­там инвестиция тартылды. Қазіргі таңда Астана тұрғындарының саны 1 млн адамнан асты.
Биыл Астанада бүкіл ТМД елдерінің ішін­де алғаш рет «Болашақ энергиясы» ха­лық­аралық EXPO – 2017 көрмесі өткізілді. Оған 115-тен астам мемлекет пен 22 халық­аралық ұйым қатысты. Көрмені өткізу кезінде 4 миллионға жуық турист келді.
Мемлекеттің экономикалық қуатының, тұра­қтылығының, қолайлы инвестициялық ахуалының арқасында ірі трансұлттық кор­порациялар Қазақстан эконо­ми­касының барлық секторларында жұмыс істейді. Тәуел­сіздік жылдары тікелей шетелдік ин­вестициялардың жалпы көлемі 265 млрд АҚШ долларын құрады.
2000 жылы Елбасы Қазақстанның Ұлт­тық қорын құрды. Бүгінгі таңда Ұлттық қор мен Қазақстанның алтын-валюта қорының жал­пы көлемі 91 млрд АҚШ долларына жуық.
Экономиканың тұрақты дамуы, елдің ЖІӨ өсімі Қазақстанға әріптес елдерге бар­лық көмек түрлерін көрсетуге мүмкіндік бе­­­реді.
Қазақстан Республикасы 1997 жылдың 8 сәуіріндегі Мәңгілік достық туралы шарт пен 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы Одақ­тық қарым-қатынастар шарты аясында Қыр­ғыз Республикасымен бауырластық жә­не тату көршілік қарым-қатынастарды ны­ғайтудың жүйелі саясатын жүргізіп ке­леді.
Осы жылдар бойы Қазақстан, әсіресе, күр­делі кезеңдерде қырғыз халқымен бірге бол­ды. Қырғызстан басшылығының өті­ніш­теріне түсіністікпен қарады, өзекті әлеу­меттік-экономикалық мәселелерді ше­шуде барынша ықпалын тигізді және энергия таратушыларды, азық-түлік және басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуді қоса алғанда, елеулі гуманитарлық көмегін көрсетті.
Қырғызстанның Еуразиялық эконо­ми­калық одаққа кіруі аясында Қазақстан Пре­­зиденті 100 млн АҚШ доллары көле­мін­де техникалық көмек көрсету туралы ше­шім қабылдады. Қазіргі кезде Техник­а­лық көмек көрсету туралы келісімді Қазақ­стан Парламенті ратификациялады.
Қырғызстанға гуманитарлық көмек же­лісі бойынша 20 млн-нан аса АҚШ доллары бө­лінді. Бішкек пен Ош қалаларында жал­пы білім беретін 2 мектеп салынды.
Қырғызстан экономикасына қазақ­стан­дық инвестициялар көлемі 820 млн АҚШ долларын құрады. Осының нәтижесінде, мың­даған қырғызстандықтар жұмыс орын­дарымен қамтылды.
Инвестициялар көлемі бұдан да көбірек болуы мүмкін еді, бірақ оның өсімін қазақ­стан­дық кәсіпкерлерге қатысты қолайсыз ин­вестициялық ахуал тежеп отыр.
Қазақстанда 125 мың еңбек мигранты тір­келіп, тұрып жатыр. Сонымен қоса, олар то­лық көлемде біздің мемлекетіміздің әлеу­меттік және медициналық кепілдіктерімен қамтамасыз етілген.
Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың ұста­нымдарының арқасында қазіргі кезде Қыр­ғызстанның ЕАЭО мүше мемле­кет­тердің бюджеттері арасындағы импорттық кеден­дік салықтардан түсетін түсімдерді бөлу­дегі үлесі 1,9 пайызды құрайды. Бұл ЕАЭО қосылған сәтінен бастап, Қырғыз Рес­публикасының бюджетіне түсімдердің күрт өсуіне әкелді.
2016 жылы түсімдер 187,4 млн АҚШ дол­­ла­рын құрады, бұл Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруіне дейінгі көрсеткіштерінен 3 есе көп.
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Рес­публикасы арасындағы теміржол көлігі қыз­меттеріне, тарифтік саясат негіздерін қос­а алғанда, қолжетімділікті реттеу тәр­тібін қолдану туралы келісімге сәйкес, Қыр­ғыз Республикасы 2017 жылдың 10 қаң­тарынан бастап, бірыңғайланған темір­жол тарифін пайдаланады, бұл Қырғыз Рес­публикасының қосылуы туралы Ке­лі­сімде көзделген мерзімнен 8 айға ерте. Та­рифті мерзімінен бұрын қолдану кезеңінде Қазақстанның шығындары 49 миллионға жуық АҚШ долларын құрады, бұл – сәй­ке­сінше, Қырғызстан экономикасы үшін тиімді.
Қырғызстандық тараптың ЕАЭО та­лаптарына сәйкес, санитарлық, вете­ри­нарлық және фитосанитарлық жүйелерді негіздеу бойынша міндеттемелер қа­был­дағанын айта кеткен жөн. Бұл міндеттеме әлі күнге дейін орындалған жоқ. Бұл қа­зақ­стандық нарық пен жалпы интеграциялық бірігу үшін қатерлер тудырады. Осыған қара­мастан, қазақстандық тарап қыр­ғыз­стандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қа­зақстандық нарыққа қолжетімділігін жә­не оның Қазақстан аумағы арқылы тран­зитін жеңілдетуге бағытталған шаралар ке­шенін қабылдады.
Қазақстан аумағы бойынша Қыр­ғыз­стан­нан Ресейге тасымалданатын тауар­лар тізі­мі едәуір артып, 100 тауарлар тобына дейін жетті.
100 млн АҚШ доллары көлеміндегі тех­ни­калық көмек аясында қазақстандық қа­ра­жат есебінен ветеринарлық және фи­тосанитарлық-карантиндік бекеттер жа­рақтандырылады, карантиндік және ветеринарлық зертханалар, ветеринарлық препараттарды тіркеу және сертификаттау орталығы салынып, жабдықталады.
Қазақстан Республикасының кеден ор­гандары Қырғыз Республикасына Қытай тауарларының импортының күрт артуын және Қырғыз Республикасынан Қазақ­стан­ға, сәйкесінше, осындай тауарлар тасы­ма­лының көбейіп отырған тіркеді, бұл ке­дендік әкімшілендірудің тиімсіздігін көр­сетеді. Соған қарамастан, қазақстандық та­рап қырғыз тауарларына қандай да бір шектеу шараларын қолданып отырған жоқ.
Орын алып отырған Қытай тауар­лары­ның реэкспорты фактілеріне қарамастан, Қырғыз тауарларының тасымалдану ер­кіндігін қамтамасыз ету бойынша Қазақ­стан қабылдаған міндеттемелер толық кө­лемде қамтамасыз етіліп отыр. ЕАЭО-ға мү­ше мем­лекеттердің шығындары шама­мен, 100 млн АҚШ долларын құрайды, ал Қазақ­станның қосылған құн салығы бойын­­ша шы­ғындары 155,8 млн АҚШ дол­­ларын құрап отыр.
Сонымен қоса, біз Қырғызстан үшін маңызды бірқатар тауарларға (мұнай және мұнай өнімдері, қара және түсті металл сы­нықтары, жануарлардың терілері мен жүн­дері және басқаларын) Қырғызстан аума­ғы­нан рекэспорттау фактілерінің бізге мә­лім болғанына қарамастан, экспорттық ке­ден салықтарын қолданбаймыз.
Жоғарыда аталғанның барлығы ел­деріміздің екіжақты ынтымақтастығының қыр-аспектілерінің толық тізімін қамти ал­майды.
Сөз соңында Қырғызстан президенті А.Атам­баевтың өз пайдасы мақсатындағы әре­дік қарсы шығу пиғылдарына қарамас­тан, Қазақстан Үкіметінің қазақ-қырғыз стра­тегиялық әріптестігі мен ынтымақ­тас­тығын одан әрі белсенді тереңдетіп, кеңейте түсу­ге ниетті екенін атап өтемін.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*