Жөнделетін жолдар қатары ұлғаймақ

914
0
Бөлісу:

Мәжіліс басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палата бюросының кешегі отырысында алдағы аптадағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер айқындалып, күн тәртібінің жобасы құпталды.

Сонымен, Мәжіліс де­путаттарының кезекті жиы­нында халық қалаулыларына тұрғын үй қатынастары бойынша қол­даныстағы заң­на­маға түзетулерді бірін­ші оқылымда қарау ұсы­нылмақ.
Сонымен қатар палата тал­қылауына Парламенттің қабылдауына жататын ха­лықаралық құжат – Қа­зақстан мен Азия даму банкі арасындағы Маңғыстау облысындағы автожолды ре­конструкциялауға қарыз алу туралы келісімге түзетулерге қатысты келісім хатын рати­фикациялайтын заң жобасы шығарылатын болады.
Бұл құжатта ұсынылған түзетулер бойынша «Жетібай – Жаңаөзен» авто­жолының қосымша учаскесін қосу көз­деліп отыр. Бұл Ресей және Түркіменстан елдерімен қатынас жасау­дағы Қа­зақ­стан­ның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік бермек.
Жалпы, отырыстың күн тәртібінің жобасы сондай-ақ меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік-а­рби­траж мәселелері, соны­мен бірге, мемлекеттік функ­ция­ларды бәсекелестік ортаға беру мәселелеріне қатысты заң жобаларынан тұрады. Олар бойынша депутаттар Мәжілістің бейінді коми­тет­теріне қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеп береді.

 

Айхан ШӘРІП 

Бөлісу:

Пікір жазу


*