Байланыстарды күшейтуге мән беріледі

1185
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Сенат төрағасы Қ.Тоқаев, Ресейдің Сыртқы істер министрі С.Лав­ров, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры А.Торкунов, ERG компаниясы ди­ректорлар кеңесінің мүшесі П.Шодиев, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов қатысты.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік ха­лықаралық қатынастар институтының мәртебесі ерекше екенін айтып, оның дипломаттар мен сыртқы саясат ве­домство­лары қызметкерлерінің ара­сындағы беделі жоғары екенін атап өтті.
– Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты – үнемі көпшілік білім алуға ұмтылатын айрықша оқу орны болды. Жастарымыз қазір де сонда оқығанды қалайды. Біз Мәскеу мемле­кеттік халықаралық қатынастар инсти­тутымен және Астанада филиалы бар Мәскеу мемлекеттік университетімен тиімді байланыстар орнаттық, – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мемлекетара­лық диалогты нығайту мәселесіне тоқ­талып, дипломатиялық кадрларды Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажеттігін айтты.
Кездесуге қатысушылар Астанада өтіп жатқан Мәскеу мемлекеттік ха­лықаралық қатынастар институты тү­лектерінің IV халықаралық форумының ауқымдылығы мен оның елдеріміз ара­сындағы дипломатиялық байланыстарды күшейтудегі рөлін атап өтті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*