Әділ бөлінетін бюджет – болашағымыз

1182
0
Бөлісу:

Бүгінде бюджеттің өзі бейтарап емес. Яғни ерлер мен әйелдердің бюджетке әртүрлі кірістер әкеліп, сонымен бірге, қаражат алу үшін түрлі қажеттіліктерге ие екені белгілі. Қоғамды тиімді және орнықты дамытуда мақсатына мүдделер мен қажеттіліктерді, халықтың әртүрлі санаттарындағы ерлер мен әйелдердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін тиісті түрде ескеретін болса ғана қол жеткізіледі.

Гендерлік бюджет деген не?
Ел арасында бюджеттің бұл түріне қатысты түрлі пікір бар. Ең алдымен, гендерлік бюджет «әйел­дерге арналған бюджет» еместігін ескерген жөн. Сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы бюджет қаражатын тең бөлу деген де – қате тү­сінік. Бұл – гендерлік призма арқылы бюд­жеттік ресурс­тарды талдаудың әре­кеті. Гендерлік бюджеттеуді енгізу қолда­ныстағы бюджет шеңберінде қаражатты әділ қайта бөлуді көздейді. Соны­мен қатар ол жынысы мен жасын, сондай-ақ нәсілдік және кластық айырмашылық­тарын ескереді. Дегенмен, әйелдер әлі күнге дейін халықтың ең аз қорғалған санатта­рының бірі болғандықтан, ген­дерлік бюджеттің бастамалары олардың мүдделерін ескеруге ты­рысады. Осыған байланысты ген­дерлік қағидаттарды енгізу және дәлірек айтқанда, гендерлік бюд­жеттеу халықтың әлеуметтік қауіп­сіздігін арттырудың маңызды құралы бол­ғандықтан, өзектілігі күннен-күнге да­мып келеді. Қа­зіргі уақытта әлемнің жүзге жуық елдері түрлі гендерлік бюд­жет­тік бастамаларды жүзеге асыруда. Канада, Австралия, Швеция, Франция, Норвегия және Испа­ния сияқты әлемнің дамыған ел­дерінде гендерлік бюджеттеу – бюд­жеттік процестің бір бөлігі.

Қазақстандағы бюджет ахуалы
Гендерлік бюджеттеу ұғымы 2006-2016 жылдарға арналған Қа­зақстан Респуб­ликасының Ген­дерлік теңдік стратегия­сында анықталған. Стратегияға сәйкес, гендерлік бюджет – мемлекеттік бюджет­тің ерлер мен әйелдердің әртүрлі топтары бойынша қызмет­тердің барлық секторла­рына және түрлеріне әсерін бағалау құра­лы. Ол гендерлік бағдарлануды тал­дауды қа­растырады, негізгі шы­ғындардың бар­лық секторлар мен қызмет түрлеріне әсері әйелдер мен еркектерге бөлек қарастыры­лады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерде тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге бағыт­талған стра­те­гиялар мен бөліністерді талдайды. Алайда, Қазақстанда гендерлік саясатты жоспарлау мен бюджетте ген­дерлік қызметке қаражат жинау көздел­геніне қарамастан, оның дамуы төмен деңгейде қалып отыр.
Мұны енгізудің негізгі кедергісі – әлеуметтік топтық сипаттама­лары, әлеуметтік ауыртпалығы мен (әлеуметтік және мәдени са­лалардағы жұмысшыларға сыйақы төлеу, медициналық шығындар, бюджет және сақтандыру, мұқтаж­дықтары бойынша жәрдемақылар және т.б.) шы­ғындарын жіктеудің болмауы. Сондай-ақ гендерлік теңдікке және гендерлік теңдікті қам­­тамасыз ету бойынша ұлттық және жер­гілікті деңгейлерде де­рек­терді жинауға түрлі кедергілер бар.

Алдағы жоспарлар қандай?
Жоғарыда айтылғандарға бай­ланысты Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдас­тығы Дін істері және азаматтық қоғам министр­лігімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, «Азаматтық баста­маларды қолдау орталығы» ком­мерциялық емес акционерлік қоғамы «Гендерлік мәселе­лерді шешу» мемлекеттік грантын жү­зеге асыру шеңберінде «Қазақ­стандағы ген­дер­лік бюджеттеу» атты тақырыптағы жо­баны іске асырып жатыр. Жобаның көз­деп отырған мақсаттары айқын. Мәсе­лен, мемлекеттік бюджеттік жүйе­нің гендерлік топтарға әсерін жан-жақты бағалау, мем­лекеттік қызмет саласындағы гендерлік-сезімтал бөлуде талдау өткізу, гендерлік бюд­жетті енгізу жөніндегі сарап­шылармен тереңдетілген сұхбат жүргізу және т.б. Сонымен бірге, өзге елдердегі тәжі­рибелерді қа­рас­тырып, нақты ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.
Жобаны жүзеге асыру нәтиже­сінде, Қазақстандағы гендерлік бюджеттеу мүм­кіндіктері туралы ақпаратты кең ау­қымды хабардар ету мақсатында «Мәселелер мен перспективалар» атты Қазақ­стандағы гендерлік теңдік туралы кітапша, сондай-ақ «Гендерлік бюджет қалай қалып­тасады?» атты бейнеролик жасалады деген жос­пар бар. «Нәтижелер де көңіл қуантуы тиіс» дейді жоба ұйымдас­тырушылары. Осы жоба аясында ҚР Президенті жанын­дағы Әйел­дер істері және отбасылық-демо­гра­фиялық саясат жөніндегі ұлт­тық комиссияға ұсыныстар жиын­­тығы әзірленіп, бюджеттік про­цестің барлық кезеңдерінде гендерлік талдауды қолданудың үздік шетелдік тәжірибесі анық­талады. Сонымен бірге, барлық мүдделі құрылымдардан сапалы, сенімді және дәлелденген ғылыми не­гізделген материалдар алынып, осының нәтиже­сінде гендерлік бюджет­теудің тиімділігі туралы халық толық ақпаратпен қамта­масыз етіледі. Әрі гендерлік бюд­жеттеу саласындағы мамандардың білік­тілігі де арта түспек. Бұл де­геніміз – «бір оқпен бірнеше қоян­ды атып түсіргенмен» тең.

Раушан СӘРСЕНБАЕВА

Бөлісу:

Пікір жазу


*