Президент Жарлыққа қол қойды

1209
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою, есепке алу, сақтау және жою қағидаларын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттары берілетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы» 2014 жылғы 13 қаңтардағы №722 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қаулыға қол қойды.

Жарлықтың жаңа нұсқасына сәй­кес, Қазақстан Республикасының дип­ломатиялық паспорты берілетін адам­дардың тізбесінен 19, 24-тар­мақ­тар алынып тасталды. Жарлықтың 4-тар­мағы келесі редакцияда жазы­ла­тын болды.
«4. Дипломатиялық паспорт алуға құ­қығы бар адамдарды қос­пағанда, Қа­­зақстан Республи­касы Прези­ден­тінің 2015 жылғы 29 жел­тоқсандағы №150 Жарлығымен бекітілген Мемле­кет­тік саяси және әкімшілік қызмет­ші­­лер лауа­зымдарының тізімінің А жә­не В санаттарының, «Б» корпусы­ның С-1, С-2, С-3 санат­тарының лауа­зы­мындағы мемле­кеттік әкімшілік қыз­метшілер». Со­ны­мен қатар 7-1 жә­не 7-2-тар­мақтарымен толық­ты­рыл­ды.
«7-1. Қазақстан Республикасы «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сы­ның бірінші басшысы, «Ата­мекен» өңір­­лік кәсіпкерлер палата­ларының бірін­ші басшылары және KAZAKH INVEST ұлттық компа­ниясы» акцио­нер­­лік қоғамының өңірлік директор­ла­ры.
7-2. Қазақстан Республикасының Ұлт­тық олимпиада комитетіне кі­ре­тін спорт федерацияларының бірінші бас­шылары».
Осы Жарлық алғашқы ресми жа­рия­ланған күнінен бастап қолда­нысқа енгізіледі.

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*