Қауіпсіздік кеңесінің мәртебесі артады

1248
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиында қауіпсіздікті қамтамасыз ету сала­сын­дағы жаһандық факторларды қамтитын өзек­ті мәселелер, сондай-ақ табиғи және тех­но­ген­дік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұру барысында қолданылатын күштер мен құралдардың қазіргі ахуалы талқыланды.
– Біз бүгін еліміздің барлық күштерін түрлі тө­тен­ше жағдайларға қарсы тұруға және жұмыл­дыруға дайындығын талқылайтын боламыз. Сонымен қатар Қазақстанның Қауіпсіздік кеңе­сінің рөлі мен мәртебесін одан әрі арттыру жө­нін­дегі мәселелер қарастырылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кеңесте Елбасы EXPO – 2017 халықаралық көр­месін өткізу барысында қауіпсіздікті ойдағы­дай қамтамасыз еткені үшін құқық қорғау және ар­наулы органдардың қызметкерлеріне алғыс айт­ты.
Жиын қорытындысы бойынша Қазақстан Пре­зиденті бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*