Елбасы Қорғаныс министрін қабылдады

978
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Министр Қазақстан Президентіне еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді.
Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау – 2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қоры­тындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қол­басшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*