Тіліміз кемелденіп, туысқандығымыз артады

1277
0
Бөлісу:

Латын әліпбиіне көшу – жаһандану кезеңіндегі әлемдік сұраныс. Бұл –ғылыми-техникалық қана емес, рухани байланыстардың, өркениет көшіне ілесудің бірден-бір жолы. Жаңа әліпбиге көшу барысында тіліміздегі көптеген мәселені дұрыс жолға қоюға мүмкіндік туады. Тіліміздегі айтылу мен жазылу арасындағы кейбір алшақтықтар жойылады. Сондай-ақ ғылым мен техниканың заманауи жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік туғызады және әлемнің қырықтан астам елінде өмір сүріп жатқан қандастарымызды біріктіретін құралға айналады. Латын әліпбиіне көшу – қазіргі қазақ тіліне бәсекеге қабілетті, тілдің дамуы мен танымалдығында жаңа серпін болады.

Латын әліпбиі, әсіресе, ғаламтор мен IT-технологиялардың қарқынды дамуына орай соңғы жылдары нағыз жалпықолданыстық және халықара­лық тілге айналды деп батыл айтуға болады. Түркі тілінде сөйлейтін ұлттар мен ұлыстардың әдебиеттері ауыс-түйіс оқыла береді.
Тіліміз кемелденіп, туысқандығы­мыз арта түседі. Жалпы, латын әліп­биіне көшуіміз, елорданы Астанаға көшіргеніміздей экономика­мызға, мәдени-рухани өмірімізге үлкен сер­піліс әкеледі. Халықаралық қатынас­тарымыз нығаяды. Тәуелсіз­дігі­міздің тұғыры биіктей түседі.
Латын әліпбиіне көшу мерзімі де көңіл­­­ден шығады. Тек осы уақытты дұрыс пайдаланып, ырду-дырдуға түс­пей, алға қойған мақсаттарымызға абы­роймен жетейік. Латын әліпбиі тәуелсіз Қазақстанның әлемнің 30 жетекші елінің қатарына қосылып, дамыған, демократиялық мемлекет бо­луына ық­пал етеді. Сондықтан бүгінгі таңда латын әліпбиіне көшу – праг­матикалық көзқарас тұрғысынан ал­ғанда бірегей оңтайлы жол.
Әміржан ӘЛПЕЙІСОВ,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры,
«Нұр Отан» партиясының мүшесі

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*