Мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны өсті

1517
0
Бөлісу:

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Президентi жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның отырысы өтті.

Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы биыл Қазақстан үшінші жаңғыруды іске асыруды бастағанын айтты. Г.Әбдіқалықова бүгінде елімізде Мемлекет басшысы бел­гілеп берген негізгі үш саланы – эконо-­
м­иканы, саясатты және қоғамдық сананы жаңғырту мәселесі бойынша алға қойылған міндеттердің жүзеге асырылып отырғанына назар аударды.
Мемлекеттік хатшы рухани жаңғырудың озық үрдістерін іске асырудың маңызды­лы­ғына ерекше тоқталды. Ол адам бойында рухани құндылықтарды, бәсекеге қабілет­тілікті, прагматизмді қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімге құштарлықты арттыру ісінде отбасының, атап айтқанда, өскелең ұрпақты тәрбиелеп отырған әйелдердің басты рөл атқаратынын айтты.
Осыған орай, Г.Әбдіқалықова еліміздің әйелдер қауымын «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық жобасының 6 бағытын ілге­рілету үшін барынша күш жұмылдыруға шақырды.
Басқосуда БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу бағытында Қазақстан Республикасында атқарылған жұмыстар жөнінде Сыртқы істер министрлігінің ақпараты тыңдалды.
Айта кетсек, 2015 жылғы 25 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының саммитінде БҰҰ-ға мүше мемлекеттер «Баршамызға ортақ әлемді қайта құру: 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған орнықты даму саласын­дағы күн тәртібі» атты жаһандық даму сала­сындағы күн тәртібін қабылдады. Орнықты даму саласы 2030 жылға дейін қол жеткізілуге тиіс 17 мақсаттан, 169 міндеттен және 230 көрсеткіш-индикатордан тұрады.
Сондай-ақ отырыста мемлекеттік қызметті жаңғырту және мансап тұрғы­сы­нан ілгерілеу барысында тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету туралы айтылды. Мемле­кет­­тік қызмет істері және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпа­ратына сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтар­дағы жағдай бойынша еліміздегі мемле­кеттік қызметшілердің арасында әйелдер­дің үлесі – 55,5%-ды құрайды: 92 мың 203 мемлекеттік қызметшінің 51 мың 151-і – әйелдер. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 0,5%-ға жоғары, 2016 жылы 91 мың 330-дің 50 мың 219-ы әйелдер болған.
Құзырлы агенттіктің мәліметінше, 2016 жылы «Б» корпусындағы әкімшілік лауа­зым­дарды иеленуге арналған конкурстарға 43476 кандидат қатысқан, олардың 20 мың 862-і – әйелдер (яғни 48%). Конкурстардың нәтижелері бойынша тағайындалған әйелдердің үлесі 48,5% болды (20 мың 690 адамның 10 мың 32-сі). Бұл ретте «Б» корпусындағы басшылық лауазымдарға 6 мың 134 үміткердің 42,9%-ын немесе 2 мың 633-ін әйелдер құраған. Ал басшылық қызметтерге тағайындалған әйелдердің үлесі – 34,8% болып отыр, яғни 4 мың 357 бас­шының 1 мың 524-і.
Бұдан бөлек, ұлттық комиссия отыры­сында қиын жағдайға тап болған тұлғаларға қолдау көрсетумен айналысатын Семей қаласындағы «Отбасы орталығы» қоғам­дық қорының жұмыс тәжірибесі таныс­ты­рыл­ды.
Мемлекеттік хатшы отырыс қорытын­дысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
Ерік ЕРДЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*